Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарағанды қаласында ХАССП пилоттық жоба

Қарағанды қаласында ХАССП пилоттық жоба

18 Желтоқсан 2014

ҚР Ұлттық экономика Министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетімен қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Халықаралық қайта құру және даму банкісімен қаржыланатын «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторында технологияларды жетілдіру және институционалдық реформаны жүргізу» жобасының «ДСҰ қіруге дайындалу жағдайларында азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.

2013 жылдың 1-шілдесінен бастап Кеден одағының 2011 жылдың 9 желтоқсанында Кеден одағының комиссиясының шешімімен  бекітілген 021/2011 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі» №880 Техникалық регламенті күшіне енді, соған сәйкес азық - түлік өнімдерінің өндірушісі ХАССП принциптерінде негізделген технологиялық рәсімдерді құрастыру, енгізу және барлық қолдауы технологиялық рәсімдерді қолдауы керек. ХАССП (ағылшынша НАССР – Hazard Analysis and Critical Control Points), аудармасы «қауіпті факторларды талдау және бақылаудың сыни нүктелері».

Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей өндіруші кәсіпорынның денгейінде азық - түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыздандырудың тиімді аспабы ХАССП болып табылады.

Жобаның негізгі мақсаттарының бірі, Қарағанды облысының әртүрлі тамақ өндірісімен айналысатын кәсіпорындарында ХАССП жүйесінің принциптерін енгізу болып табылады (пилоттық жоба). Бұдан басқа – тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа жолы медициналық – профилактикалық профильдегі мамандарды оқыту.

Облыстың жеке тамақ кәсіпорындарында ХАССП жүйесінің принциптеріне негізделген азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа пилоттық жобасын енгізу жүргізіледі. Осыған байланысты, Тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша комитетінің жетекшілігімен және шетелдік, ұлттық сарапшылардың, ҚММУ тағамтану гигиенасы, жалпы гигиена және экология кафедрасы мамандарының қатысуымен, ХАССП жүйесі енгізілген кәсіпорындарды инспекциялау бойынша, медициналық – профилактикалық мамандарды дайындау үшін оқу бағдарламасының жобасын құрастыру жоспарланған. Осы бағдарламаның негізгі мақсаты МПІ мамандығы бойынша оқитын студенттерді және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі сұрақтарымен айналысатын тәжірибелік дәрігер – инспекторларды халықаралық тәжірибенің талаптарына сәйкес Қазақстанда тамақ қауіпсіздігінің жаңа стратегиясын және инспекциялық жүйені енгізу аспектілерін оқыту болып табылады.

Көп жылдар бойы ҚММУ тағамтану гигиенасы кафедрасы біздің елімізде тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәжірибеде нутрициологтарды дайындау және қайта дайындау бойынша Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының арасында жетекші болып табылады. Тағамтану гигиенасы кафедрасы ХАССП негізгі ережелерін зерттеуін оқу бағдарламасын жүзеге асыруға белсене кірісті. Кафедра меңгерушісі профессор С.П. Терёхин  Қазақстанда осы жобаны іске асыру бойынша,  Комитетпен ұйымдастырылған ақпараттық семинарларға қатысты. 2014 жылдың қазанның 15 - күні Қазақстанда ХАССП принциптерін енгізу бойынша және азық-түліктердің қауіпсізідігі жайлы негізгі ережелердін оқыту бағдарламасының сұрақтарын талқылау бойынша кафедра қызметкерлерінің шетелдік және жергілікті ұлттық сарапшылармен кездесуі өткізілді.

Қарашаның 13 -күні біздің университетте МПІ және ҚДС мамандығы бойынша оқитын жоғарғы курс студенттері үшін «ХАССП жүйесі азық – түлік өнімдерінің қауіпсізідігін қамтамасыз ететін құрал» тақырыбы бойынша семинар өткізілді.

Семинарға азық – түліктердің сапасы және қауіпсізідігі бойынша халықаралық институттың директоры А.В. Василенко («Қазақстанның ДСҰ-на кіру және  азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі» жобасының халықаралық сарапшылар тобының меңгерушісі), ҚР Қоғамдық денсаулық сақтау министрлігінің жоба бойынша ұлттық кеңес беруші Б.Т.Тлеубекова және ҚММУ тағамтану гигиенасы, жалпы гигиена және экология кафедрасының қызметкерлері қатысты. Сарапшылар ХАССП пилоттық жобанын негізгі принциптерін және рәсімдерін түсіндірді. Баяндамалар мультимедия форматындағы ақпараттық көрнекі құралдармен жүргізілді.

Семинар барысында сарапшылармен кафедра қызметкерлерімен бірге «ХАССП жүйесі азық-түлік өнімдерінің қауіпсізідігін қамтамасыз ететін құрал ретінде» тақырыбы бойынша оқу бағдарламасының жобасы талқыланды. Осындай семинарларға қатысу және мамадырылған сарапшылармен жұмыс істеу, болашақта Қазақстанды ДСҰ-на кіргізу жағдайларында біздін студенттерге кәсіби дайындықтарын жоғарлатуға көмек жасайды.

Тағамтану гигиенасы, жалпы гигиена және

экология кафедрасыны меңгерушісі, профессор

С.П. Терёхин


0
18859

пікірлер

пікір қалдыру үшін.