Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Күлкі терапиясы» республикалық финалда

«Күлкі терапиясы» республикалық финалда

23 Желтоқсан 2014

  2014 жыл ҚММУ КТК ойыншыларының есінде көпке дейін сақталады. Тарихта тұңғыш рет, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің «Күлкі терапиясы» КТК командасы «Жайдарман» республикалық жоғары лигасының финалына шықты. Ақырғы рет қарағандылықтар осындай жеңіске 2007 жылы жетті. Сол кезде қаламызды финал ойынында ҚарМУ «Ұлдар емес» командасы таныстырып қайтты.

  29 - қарашада «Нұр Отан» партиясы және «Жас Отан» жастар қанатының қатысуымен, «Қазақстан КТК Одағының» қамқорлығымен Астананың Конгресс Холлында «Жайдарман» республикалық лигалардың финалдық гала – концерті болып өтті. Ақпаннан қарашаға дейін Қазақстанның барлық аймақтарынан,  екі жүзден астам КТК командалары, үздік алтылықтың қатысушысы болуға және финалға шығуға талпынды. Міне тоғыз айдан кейін, алты үздік ұжым 2014 жылдың үздік көңілділер және тапқырлар камандасын  Астанаға келді:

«Ұлттық құрама» (Алматы), «Аграрка сарбаздары» (Астана), «АЭСА» (Алматы), «Байланыс жігіттері» (Алматы), «Күлтегін» (Астана) және «Күлкі терапиясы» (Қарағанды).

Ойын бұқаралық ақпарат құралдарының қызығушылығын танытты, «Қазақстан» мемлекеттік телеканал Жаңа жыл қарсаңында финал ойынының көрсетілімін дайындауда.

  Ойын дәстүрлі түрде 3 кезеңнен тұрды:

1.Сәлемдесу.

2.Ширату + Биатлон.

3.Үй тапсырмасы және финалдық ән. 

 

  «Күлкі терапиясы»  командасының балалары «тәжірибелі КТК» атақты компаниясынан қысылмай және асталық көрермендерге өз әзілдерін көрсетті. Көрермендер Қарағандылық КТК ойыншыларының әзілдеріне және ұтымды шыққан нөмірлеріне риза болды.

  Міне нәтиже, әділ қазылар көрсетілімдерін шетке қалдырмай балаларға төртінші орынды берді.

    «Күлкі терапиясы» командасын жеңістерімен құттықтаймыз, сәттіліктер мен жеңістер тілейміз!!!

  Хусанов Нұрсұлтан 

401 ПМ,Б және Ф


0
19208

пікірлер

пікір қалдыру үшін.