Мінез-құлық сабағы
Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде «Ақжүніс» клубы «Темперамент» тақырыбына тренинг өткізді. Тренингті «Стоматология» мамандығының 2-007 топ студенті Житикова Инга өткізді. Тренингте Житикова Инга клуб мүшелеріне адамның мінез-құлықтарының түр-түрлеріне тоқталып, оларға талдау жасады. Және де қыздармен анкета жүргізіп, әлеуметтік сұрау жасады. Тренинг клуб мүшелерінің ойынша өте қызықты өткізілді. Житикова Ингаға «Ақжүніс» клубының атынан алғыс хат табысталды. Тренинг жүргізу барысында «Жалпы медицина» мамандығының 2-039 топ студенті Керімбаева Алтынай скрипкада композитор Евгений Дмитриевич Доганың «Вальс» шығармасын ойнап берді.
Д.Т. Оспановажалпы медицина және стоматология
факультеті 2 курс декан орынбасары,
Т. Абдрахман 2-041 ЖМ тобының студенті,
«Ақжүніс» клубының мүшесі