Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Бағытынан тайма спорт клуб!

Бағытынан тайма спорт клуб!

21 Қаңтар 2015

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті күшті дәстүрді жалғастыра отырып, ҚММУ спорт клубы университеттің жетекші  стортшыларын ынталандыру тәжірибесін жалғастыруда.

  ҚММУ – 2  жас командасының шабуылшысы бірінші курс студенті Мендіғалиев Ердәулеттің бала кезінен екі арманы болды: дәрігер болу және футбол ойнау.  Бұған таң қалуға болмайды, жоо-ға түсу кезінде, болашақ талапкер сүйікті спорт түрімен айналысуға  мүмкіндігі бар медицина университетін іздеді. Соңғы фактор, жоо таңдауда міндетті шарт болды. Соңғы уақытқа дейін Асфендияров атындағы ҚазҰУ (Алматы) және М.Оспанов атындағы БҚММУ (Ақтобе) арасында таңдағанда қобалжыды, дегенменен Қарағанды медицинасына тоқталды. Ердәулеттің айтуынша 2014 жылы наурызында Қостанай қ. өткен ҚР жоо V Универсиадада ҚММУ футбол құрамасының ойыны ұмытылмайтын әсер қалдырды: Тынышпаев атындағы ҚазАТК (Алматы) командасын 7:1, З. Алдамжар атындағы ҚӘТУ (Қостанай) 15:0, күшті СММУ (Семей) 2:0 және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы) құрама командаларын  3:0 есебімен  талқандап жеткен жеңісі қазақстандық студенттер футболында үлкен дүрбелең туғызды. Турнирдің соңында қостанайлық бозбала қарағандылық команданың құмар ойыншысы болды. Сол кезде дәл осы ҚММУ түсуге және университеттің  футбол құрамасына міндетті түрде өтуге шешім қабылдады. 

  ҚММУ құрамасының ойыншысы болу оңай емес екен. Иван Васильевич ұсынбас бұрын, айдан астам уақыт Ердәулет №1 -  ойынның басқа да әуесқойшыларымен футбол секциясының жаттықтырушысы  И.В. Кофановтың қатал іріктеуінен өтті, университет құрамасының трейнері Тұхметов Арман Қайыржанұлы басты командасына байқау үшін шақырды. Талантты бозбала берілген мүмкіндікті ақтап шықты. Бірінші ҚММУ жатақханалары арасында чемпионатта  және одан кейін «Студенттік лига» біріншілігі  ойындарында допты тұрақты соға отырып, Ердәулет өзінің командасына футбол бойынша Қарағанды облысының чемпионаты біріншілігінде ойнау құрметіне жетуге көмектесті.

  Біздің футбол жасағымыздың тұрақты жанкүйері ҚММУ спорт клубының басшысы Ф.А. Батиров келешегі бар  жаңа келген ойыншыны бірден байқады. Команданың болашағын ойлайтын жетекші ретінде Фахриддин Әбдіжаппарұлы қарағандылық фирмаларға келешегі бар студенттік команданы қолдап, демеушілік көрсетуге ұсыныс жасады және әлеуетті  демеушілердің бірі «Франт» Сауда үйі  «ҚММУ – 2» футбол командасына келесі кезеңде демеулік көмек жасауға, ал ерікті түрде бір ойыншыны  жабдықтауды ұсынды. Әрине таңдау Мендіғалиев Ердәулетке түсті.

  9 - қаңтарда ҚММУ спорт клубының басшысы Ф.А. Батиров ҚММУ – 2 командасының шабуылшысы Мендіғалиев Ердәулетке «Франт» СҮ-нен  «Adidas» фирмасының футболға арналған кроссовкиін салтанатты түрде табыстады. Тапсыра отырып Фахриддин Әбдіжаппарұлы риза болған студентке жас форвардқа алаңда жиірек гол соғуды тіледі.

  Келесі күні, 10 - қаңтарда Ердәулет жаңа аяқ-киімімен доп теуіп, футбол бойынша Қарағанды облысы біріншілігінің I лигасы матчында голдарды соғып «ҚММУ-2» - «ГорКомХоз» 8:5 есебін ашты.


ҚММУ спорт клубы                                                                 

0
19028

пікірлер

пікір қалдыру үшін.