Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы

Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы

22 Қаңтар 2015

2015-жылдың 16-қаңтарында Қазақстан халқы Ассамблеясының жылының іс-шаралар жоспарын іске асыруға арналған Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми – сарапшылық тобы және «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалының партия кураторының сарапшылық тобының бірлескен кеңейтілген отырысы өтті.

Отырысқа Қарағанды жоо-ның ғалымдары, студенттік жастар, мектептероқытушылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, облыстық КХА, қоғамдық келісім кеңесі және облыстық КХА аналар клубы құрамына кіретін этно-мәдениет қоғамдыстықтарының жетекшілері,сонымен қатар аймақтың Азаматтық альянсы қатысты.

Алғашқы рет түрлі тапсырмаларды орындайтын сарапшылық топтардың кеңейтілгенотырыстардың кең форматы ұсынылды: «Нұр Отан» партиясының сайлау алдындағы науқанын жүзеге асырудағы ғылыми-әдістемелік көмек және облыстық этно-мәдени бірлестіктерінің қызметінің ғылыми сүйемелдеу.

Бұл Қарағанды қ. № 5 ОБМ ресурстық орталығы және облыстық ҚХА, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы және облыстық ҚХА арасындағы облыстық келісімді күшейту бойынша бірлескен қызметі туралы 2014 жылы жасалған меморандумдардың мақсаттарына толық жауап береді.   

  Өткен пікірлермен алмасу кезінде қоғамда экстремизмге шыдамсыздықты, қазақ халқының, Қазақстан этностарының үздік әдеп-ғұрыптарына, тілдерге, мәдениетіне құрметті қалыптастыру, жастарды этносаралық келісім рухында тәрбиелеу бойынша жігерлерді күшейту қажеттілігі баса айтылды. 

  Кездесу кезінде Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми – сарапшылық тобы және «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалының патрия кураторының сарапшылық тобының жоспарлары қарастырылды және бекітілді.

Ирина Милаева

студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімі


0
18610

пікірлер

пікір қалдыру үшін.