Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Денсаулық дәстүрі

Денсаулық дәстүрі

27 Қаңтар 2015

Қарағанды мемлекеттікмедицина университетінің спорт залында 41-ші рет жыл сайынғы дәстүрлі ҚММУ қызметкерлері және профессорлық-оқытушылық құрам спартакиадасының салтанатты ашылуы болып өтті. Ғажап дәстүр – 1973 жылдан бастап оқытушылар және қызметкерлердің жыл сайынғы жарысын өткізу қалыптасты. Содан бері, жыл сайын, қысқы мезгілде шаңғы трассасында және университеттің спорт залдарында денсаулық спартакиадасы өткізіліп келеді.

  Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасының доценті, спорт ардагері, бірінші спартакиаданың тікелей қатысушысы Ермеев Анатолий Максимовичтің тілегі барлық спортшыларға жағымды сый болды. Ол өзінің сөзінде 1-нөмірлі Спартакиада туралы естеліктерімен бөлісті, спортта ең бастысы денсаулықты нығайту қажетін айтып өтті және спортшыларға қызықты және жалынды жарыс тіледі. Бұдан әрі мереке қонақтарына акробатикалық этюдтармен жас гимнастшылар ұжымы және «Қаракөз» шығыс билері халық ансамблі және «Golden step» театр билерінің солиттері Фоменко Юрий және Майборода Екатерина өнерлерін көрсетті.

  Осы мезгілде спорт алаңында факультет командалары «жарысты»: интернатура; профилактикалық медицина, биология және фармация; әскери кафедра және медицна колледжінен біріккен команда; жалпы медицина және стоматология, сонымен қатар ректораттың құрама командасы. Жарыс 20-22- қаңтарда спорттың 8 түрінен өтті: үстел теннисі, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, шаңғы жарысы, мылтық атысы, волейбол және шағын – футбол.

  Спартакиаданың жеңімпаздары болып интернатура факультеті, күміс медаль профилактикалық медицина, биология және фармация факультетіне  бұйырса, ал қоланы медицина колледжінің спортшылары жеңіп алды.


  ҚММУ спорт клубы


0
19048

пікірлер

пікір қалдыру үшін.