Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Репродуктивті денсаулықжәне оны сақтаудың әдістері»

«Репродуктивті денсаулықжәне оны сақтаудың әдістері»

11 Ақпан 2015

2015 -жылдың 4 - ақпан күні студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімі мен «Қазақстанның медицина жастары қауымдастығы» белсенділерінің бастауымен жалпы білім беретін  №3 - гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесі қабырғасында «Репродуктивті денсаулықжәне оны сақтаудың әдістері» атты ақпараттық-жағдаяттық тренинг өткізілді.

Тренингке қазақ және орыс тілінде білім алатын 9-10 сынып оқушылары қатысты.

Тренинг барысында мына сұрақтар қозғалды:

- Репродуктивті денсаулық дегеніміз не?

- Репродуктивті аурулардың мүмкін берілу жолдары;

- Осы аурудың алдын - алу шаралары;

- Жасөспірімдер арасында репродуктивті аурулардың жауапкершілік және өзектілік деңгейлері;

Оқушыларға қорғалған жыныстық қатынасқа түсу туралы ақпараттандыру деңгейі мен олардың позициясын анықтау мақсатында өмірлік жағдайы сұрақтары берілді. Іс-шараның ұйымдастырушылары репродуктивті аурулардың қыз балаларда және ұл балаларда пайда болатын бірінші белгілері жайлы ақпараттандырды.

Тренингтің мақсаттық бағыттары ақпараттандырумен шектеліп қана қоймай, жасөспірімдердің жағдайына психологиялық баға беру, жауапкершілік алуға дайындығы және репродуктивті аурулармен шалдыққан жағдайда дұрыс шешім  қабылдау туралы айтылды. Тренинг соңында «17 жастағы жүктілік» атты еркін пікірталас болды. Оқушылар берілген тақырыпқа және одан шығу жолдарына қызығушылық тудырды.

Қазақстанның медицина жастары қауымдастығы жалпы білім беретін  №3 - гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігіне және іс-шараны өткізуге көмектескен ҚММУ студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөліміне ерекше алғысын білдіреді.

  Қаблан Ақерке

Қазақстанның медицина жастары қауымдастығы

ҚММУжергіліктікомитетініңмүшесі


0
19700

пікірлер

пікір қалдыру үшін.