Karaganda Medical University
«Medicine and Ecology» journal
Monthly newspaper «Medic»
Home
Announcements
Announcement!

Announcement!

22 June 2016

2014 жылдан бастап «Қазакстан Республикасы Әділет министрлігінің жаршысы» ақпараттық-талдау журналы (бұдан әрі - Журнал) жарыққа шығарылады. Журналдың құрылуының негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының әділет органдары жүйесіндегі өзекті жаңалықтар туралы оқырмандарды ақпараттандыру, шығармашылықта пайда болған мәселелерді айқындау, сондай-ақ азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Журнал статикалық және динамикалық айдарларды қамтиды, онда әділет органдарының, аумақтық органдарын және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын қоса алғанда қызметін көрсетеді, сондай-ақ көрнекті ғалымдардың, республикалық практиктердің мақалалары жарияланады, облыстық және қалалық деңгейдегі әртүрлі Қоғамдық бірлестіктердің, Қазақстан  қауымдастықтарының, республикалық, адвокаттар алқаларының қызметін құқықтық реттеу мәсслелері жарияланады, «Әділет кеңес береді» айдары тұрақты негізде жүргізіледі.

Оқырмандар қауымының қызығушылығын жоғарылату мақсатында Журналдың мазмұнды бөлігінде редакция «Оқырмандар майданы» атты жаңа айдарын енгізді, заңгерлікке қатысты сұрақтар және тақырыптар жөнінде аналитикалық ғылыми мақалаларымен авторларды тартады.

Осыған байланысты,  Сіздердіынтымақтастыққа шақырамыз және қауымдастығыңыздың мүшелерінің ғылыми мақалаларын, коиференцияға шолуларын, сұхбатын және басқа да материалдарын «ҚР Әділет министрлігінің жаршысы» журналында әрі қарай жариялау үшін қарауға қабылдауға дайынбыз. Осы басылым және Журналда жариялау үшін ұсынылған материалдарға талаптар туралы бұдан да толық ақпарат ҚР Әділет министрлігі сайтының (www.adilet.gov.kz)Министрлік журналдары бөлімінде орналастырылған.

Бұдан әрі қауымдастық мүшелерінің арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында құқықтық мәселелер бойынша қосымша өзекті ақпарат көзі ретінде Журналды пайдалануды және 2016 жылдың ІІ жарты жылдығына жазылуды ұсынамыз. Бұл ретте, Журналдың жарты жылдығына жазылым құны (1 дана) - 7 982,5 теңгені, 1 жылға - 15 965 теңгені құрайды. «Қазпочта» АҚ мерзімді баспа басылымдарында журналға жазылу индексі - «74823». Журналдың шығу мерзімділігі - жылына 6 нөмір.


0
8626

comments

to leave a comment.