Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Ғылыми редакциялау бөлімі

Ғылыми редакциялау бөлімі

Ғылыми редакциялау бөлімі

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің ғылыми редакциялау бөлімі университеттің баспа қызметін кәсіби редакциялық қамтамасыз етуді жзүзеге асыратын құрылымдық бөлімше болып табылады.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің ғылыми редакциялау бөлімі2015 жылғы 1 қыркүйекте ұйымдастырылды. 1996-2011 жылдар аралығындағы кезеңде жұмыс істеген және әр кезде Е.С. Нумерова мен Л.Н.Журавлёва басқарған редакция-баспа бөлімінің дәстүрлерін жалғастыра отырып, ғылыми редакциялау бөлімінің мақсатты арналуы –  редакциялау мен корректураның баспаға дейінгі сапалық қамтамасыз етілуі, ғылыми әдебиет шығару, басылымдардың ғылыми және әдеби мазмұны мен көркем безендірілу сапасын бақылау; «Медицина и экология» ғылыми-практикалық тоқсандық журналын тұрақты түрде шығару; ғылыми әдебиет басылымдарының тақырыптық жоспарына сәйкес ғылыми-әдістемелік және ғылыми-практикалық конференциялардың материалдары бойынша ғылыми еңбектердің жинақтарын шығару; «Медицина и экология» ғылыми-практикалық тоқсандық журналын интернет-ресурстарда, республикалық және халықаралық деректер базасында тарату.

Ғылыми редакциялау бөлімінің негізгі функциялары– университеттің редакциялық жұмысын ұйымдастыру және жүзеге асыру;басылымдардың ғылыми және әдеби мазмұны мен көркем безендірілу сапасын бақылау; келіп түсетін қолжазбаларды қабылдау және есепке алу; авторлық өтінімдерді қарастыруды, ұсынылған жұмыстармен танысу оқылымын жүзеге асыру; «Медицина и экология» ғылыми-практикалық тоқсандық журналын редакциялау мен корректуралау түрінде баспаға дейінгітұрақты редакциялық және өндірістік-баспалық дайындауды жүзеге асыру; ғылыми-әдістемелік және ғылыми-практикалық конференциялардың материалдары бойынша ғылыми еңбектердің жинақтарын шығару үшін мақалаларды қабылдауды, оқуды, рецензиялау мен жинақтауды ұйымдастыру; шығарылатын әдебиеттің сапасын бақылауды ұйымдастыру; редакциялық жұмысты талдауды жүзеге асыру; қолжазбаларды бөлімге тапсыру, редакциялау мен рецензиялау мәселелері бойынша авторларға, ғылыми еңбектердің жинақтары мен мерзімді басылымдардың жауапты хатшыларына, редакция алқасы мүшелеріне консультация беру; журнал парақшасын университеттің корпоративтік сайтында модерациялау, оны тұрақты түрде толтыруды жүзеге асыру; «Медицина и экология» ғылыми-практикалық тоқсандық журналын интернет-ресурстардадеректер базасында (республикалық және халықаралық)  таратуды жүзеге асыру; «Медицина и экология» ғылыми-практикалық тоқсандық журналының әлеуметтік желілердегі парақтары мен топтарын құру және модерациялау.

Қазіргі уақытта ғылыми редакциялау бөлімінде келесі қызметкерлер жұмыс істейді: Е.С. Сербо – ғылыми редакциялау бөлімінің бастығы, Е.А. Кузнецова – ағылшын тілінің редакторы; Т.М. Ермекбаев – қазақ тілінің редакторы; Л.В. Сербо – редактор.

Ақпарат үшін байланыс:

ғылыми редакциялау бөлімінің бастығы– Екатерина Сергеевна Сербо

Мекенжайы: Гоголь көшесі, 40, каб. 130

Байланыс тел.: 50 39 30 (қосымша 1286)

e-mail: Serbo@qmu.kz