Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Кафедралар
Физикалық денсаулық орталығы

Физикалық денсаулық орталығы

Физикалық денсаулық орталығы

Денсаулық дене тәрбиесі орталығы  кафедрасы

   1950 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының базасында Дене тәрбиесі кафедрасы ұйымдастырылды. Курстың алғашқы меңгерушісі болып аға оқытушы  И.П.Шевелев тағайындалды.

  Шевелев Игорь Петрович 1922 жылы Қазан каласында туылған.

1943 жылдан бастап, Қазан мединститутында жұмыс істеген. 1950 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтына ауысып келіп, дене тәрбиесі кафедрасын басқарды.

  Кейінірек, М.С. Сералиев кафедра меңгерушісі болып тағайындалды.

 1951-1955 жылдар аралығында кафедраға жетекшілік еткен Ю.А.Хайрова  болды. Юлдус Абдуллаевна 1950 жылы Қазақ медициналық институтын аяқтаған. Дене тәрбиесі және спорт саласының дамуына елеулі үлес қосты.

 1955-1957 жылдар аралығында  С.И.Бекназаров, 1957-1989 жылдар аралығында П.Н.Востриков кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.

 Востриков Павел Николаевич 1952 жылы Қазақ мемлекеттік институтының  дене тәрбиесі факультетін тәмамдап, Қарағанды мемлекеттік медицина институтының дене тәрбиесі кафедрасына еңбек етуге жолдама алды. Кафедраға оқытушы бола жүріп, өзінің жоғары дәрежедегі маман ретінде көрсетіп, ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түсті. Сөйтіп 1957 жылы кафедра меңгерушісі болып сайланып, қызметін 1986 жылға дейін мүлтіксіз атқарады. Осы жылдар аралығында институттың спортшылары түрлі жарыстарға қатысып, қалалық, облыстық, республикалық, дүниежүзілік жүлделердің жеңімпаздары атанды.

1986 жылдан бүгінге дейін кафедраға А.В.Климов жетекшілік жасап келеді.

А.В.Климов Қарағанды педагогикалық институтының дене тәрбиесі факультетін 1978 жылы аяқтаған. Оқуын аяқтаған соң, өз еркімен Маңғышылақ облысы, Шевченко қаласына жұмыс істеуге жолдама алған. 1979 жылдың ақпан айынан бастап, Қарағанды мемлекеттік медициналық институтына дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша жұмысқа қабылданды. 1989 жылы кафедра меңгерушісі болып тағайындалды. Шебер ұйымдастырушы және білікті жетекші өзінің барлық күш-қуатын кафедра жұмысының жақсаруына жұмсады. Еңбегі еленіп, «Қазақстан Республикасының құрметті  спорт қайраткері» төсбелгісімен марапатталды.

  Кафедрада  жоғары сапалы мамандар жұмыс жасап, медицина қызметкерлерін дайындауда зор үлес қосқан мұғалімдер: Д.А.Каракай, Г.К.Майер, Д.Ф.Матущак, Н.А. Дорт-Гольц, М.Д.Ли, В.П.Уваров, В.Б.Зорин, Р.Р.Восканов, В.К.Безгачева, Л.Ф.Старова, А.Д.Голунова, О.Г.Вольтер, А.В.Худяков, В.А.Райко, В.М.Аликов, И.И.Пухова, А.С.Сагимбаев, В.Е.Рябков, А.В.Конради, А.В.Лапсарь, И.С.Филев, В.О.Рожков, Ф.А.Батиров, Е.В.Косяков, А.И.Тиньков, Н.И.Волков, Л.Ф.Лаврова, Л.И.Карпенко, Г.П.Атаманская, С.Б.Бисингалиева, Д.Д.Мукушев, Е.С.Мищенко. Зертханашы: Г.Д.Климашина, Л.И.Подорская, М.Л.Кудряшова,  М.Т.Ахметова.

eb7a98a2d71c5412a2886c54012ae868

 Кафедра жұмысында спорттың биік дәрежеге жетуіне көп көңіл бөлінді. Соның нәтижесінде 5 спорт шебері халықаралық деңгейде, 20 спорт шебері, 23 спорт шеберлігіне үміткер және  I  дәрежелі 30 спортшылар  дайындалды.

300-ге тарта студент тұрақты спортпен айналысады және олардың көбісі спорт саласында жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Жеңілатлетшілер: В.Ширинский, С.Бондаренко. М.Баныкин, Е.Синеокова  Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика бойынша құрама командасының мүшелігіне енді. О.Коваленко – футболдан Қазақстан Республика құрама командасының мүшелігіне еңген. Ауыр атлетика командасының жаттықтырушысы Ф.А.Гатин жұмыс жасаған жылдарында 4 спорт шеберін дайындап шығарды. Олар: А.Кутышев, Н.Сухачев, О.Золотарев. Сонымен қатар, 20-ға жуық спорт шеберлерін дайындады. Олар: Б.Каратаев, Ю.Григорьев, С.Гаврелюк, Р.Муступаев, Е.Кутиков, В.Лузин, А.Ким, С.Кульжаманов, Д.Альбрандт, А.Бекбусунов, С.Сыкпабаев, А.Гардок, О.Юшина, В.Бажан, Г.Момотова, А.Идрисова, В.Парахина. Сонымен қатар, А.Кутышев, О.Золотарев, Н.Сухавев, О.Альбрандт сияқты студенттер Қазақстан Республиканың ауыр атлетика бойынша құрама командасының мүшелігінде болды.

  ҚарММУ-ның волейболшылары Қазақстан Республиканың бірнеше  дүркін жеңімпазы атанған  спортшылар. Олар: С.Горемыкина, М.Шмойлова, А.Михеева, Н.Гевейлер, И.Битюкова, А.Чекурскова сонымен қатар, спорт шеберлері: О.Грушко, Е.Плахтий, Н.Киржаева, М.Полетавкина сияқты спортшылар ҚР-ның ұлттық құрамасының мүшелілігіне енді.  Команда жаттықтырушысы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Восканов Роберт Рафаэлович. М.Курилкина және Н.Шуктуева – дзю-додан спорт шеберлері. Дзю-додан және қол жекпе-жегінен Д.Габдуллина, Ш.Тойбекова, Т.Драгольцева, А.Фрезе, Н.Шукутаева, С.Сапаргалиевалар жақсы көрсеткіштер көрсете білді. Жаттықтырушылары – Шедин Николай Дмитриевич. Қол күресінен халықаралық деңгейдегі спорт шебері В.Голубаев жақсы жетістіктерге жетті.  Жасөспірімдер аралығындағы ОАР-да өткен әлем біріншілігінде  I орын, Азия біріншілігінде II орын, бірнеше мәрте Қазақстан Республикасының жеңімпазы болып атанды.

2017 жылдан бастап дене тәрбиесі кафедрасына Коваленко Людмила Владимировна басшылық ете бастады. 1992 жылы Қарағанды педагогикалық институттын тәмамдап, сол жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтына  аға оқытушы болып жұмысқа орналасады. Одан соң, сауықтандыру және дене тәрбиесі бөлімінде оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарды. Өзінің тынымсыз еңбегінің арқасында жоғары білікті маман дене тәрбиесі кафедрасына меңгеруші болып тағайындалды.

  2018 жылдың қыркүйегінен бастап кафедраның аты  Денсаулық дене тарбиесі кафедрасы болып өзгерітілді.

Денсаулық дене тәрбиесі курсында жоғарғы кәсіпті оқытушы және жаттықтырушы құрамы еңбек етеді: 8 - аға оқытушы Л.М. Жукова, Л.А. Кучина, С.Н. Долматова, Л.В. Коваленко, Е.А. Ким, М.Н. Туницкая, Е.А. Райнгардт, И.Д.Смиранова,  доцент Н.Д. Мухамедьянов және оқытушылар - А.К.Тусупбеков, А.С.Молдабекова, С.Т.Тусупбаев. Зертханашылық құрамда Г.З.Музарапова, И.А.Лавриненко, С.Х.Байгузиева, Е.В.Бердина, Т.Е.Гладинова, К.А.Джумекенов сияқты мұғалімдер қызмет атқарады.

   Барлық факультеттердің  1-2 курстарында дене тәрбиесі сабағы өтеді.

   Кафедраның басты мақсаттары – физикалық қасиеттерді дамыту, денсаулықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау.

  Университет қабырғасында волейболдан, баскетболдан, үстел теннисі, жеңіл атлетика, футбол, шахмат, шашки, шаңғы спорты, қазақша күрес, тоғыз құмалақ үйірмелері жүргізіледі. Студенттер түрлі спорттан факультетаралық, жатақханааралық спортакиадаларға қатыса алады.

  Біздің университеттің студенттері түрлі жарыстарға белсене қатысып, өз оқу орындарының намысын қорғайды.

e10ba4d2cd7fcd3a28f0997346b6bb4c

  Денсаулық дене тәрбиесі кафедрасы жаңалықтар ашып, оны талқылауға және іс жүзінде  қолдануға әрдайым дайын.