Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Басқарма
Бектұрғанов Зәкір Зәкәрияұлы

Қарағанды медицина университеті» КеАҚ басқарушы директоры

Бектұрғанов Зәкір Зәкәрияұлы

Бектұрғанов Зәкір Зәкәрияұлы, 1977 жылы туған, ұлты - қазақ. 2000 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Экономика және менеджмент» мамандығын; 2005 жылы Қ.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті «Мұнай және газ кен орындарын өңдеу»  мамандығын; 2016 жылы Graduate School of Menagement in Barselona «Master in Business Administration and Marketing» мамандығын; 2016 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Ресей академиясын (Мәскеу) «Doctor of Business Administration» мамандығын; 2017 жылы European University, Монтре (Швейцария) «Doctor of Business Administration» мамандығын тәмамдады. 

Еңбек жолын Алматы қаласының жеке компанияларында бастады. 

2003 жылдан 2005 жылға дейін «Қарағанды қаласы әкімі жанындағы экономика және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы.

2005 жылы «Қарағанды облысы бойынша білім департаменті» ММ қаржылық - экономикалық бөлімінің бас маманы лауазымына ауысты.

2006 жылы «Қарағанды облысының сәулет, қала құрылысы және құрылыс басқармасы» ММ құрылысты ұйымдастыру бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды.

Әр уақытта «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы «Қарағандыцветмет» КБ МТС директорының орынбасары; «Алпрофстрой Қарағанды» ЖШС директорының коммерция жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.

2007 жылдан бастап Қарағанды медицина университетінде (бұрынғы ҚММА) жұмыс істейді. Өз еңбек жолын университет қабырғасында ӘШБ бастығы лауазымынан бастаған.

2008 жылдан 2009 жылға дейін әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі проректоры.

2009 жылдан 2017 жылға дейін ҚММУ ұйымдастыру-экономикалық жұмыстар жөніндегі проректоры.

2018 жылдан бастап – «ҚМУ» КеАҚ әкімшілік, қазіргі таңда басқарушы директоры қызметін атқарады.

e-mail: Bekturganov@qmu.kz