Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Комплаенс-офицер
Комплаенс-офицер

Комплаенс-офицер

Комплаенс-офицер

e125713cba711f217adcf3fdeeb11f1e

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ комплаенс-офицері - Александр Николаевич Урмашов. 2 жоғары білімі бар: экономика факультеті және философия және психология факультеті.

Комплаенс-офицер лауазымына тағайындалғанға дейін Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы болып жұмыс істеді, ҚМУ КеАҚ-да түрлі позицияларда болды. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі Кеңестің мүшесі.

Комплаенс-офицер - Қоғамның Директорлар кеңесінің немесе Қоғам Басқармасының мүшесі болып табылмайтын жұмыскер, Қоғамның Директорлар кеңесі тағайындайды. Өз қызметінде Қоғамның Директорлар кеңесіне есеп береді және бағынады.

Комплаенс-офицер өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының, Жарғының, Кодекстің, осы Ереженің, Қоғамның өзге де ішкі құжаттарының нормаларына, сондай-ақ Директорлар кеңесінің және Жалғыз акционердің шешімдеріне сәйкес жүзеге асырады.

Комплаенс-офицердің функциялары:

Міндеттерді орындау үшін комплаенс-офицерге келесі функциялар жүктеледі:

1) Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ішкі құжаттарды әзірлеу;

2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы стандарттар мен саясатты әзірлеу және өзектендіру;

3) Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа сәйкес келмейтін ішкі құжаттарының қолданыстағыларын өзгерту немесе күшін жою туралы ұсыныстар енгізу;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізу;

5) мүдделер қақтығысын анықтау, мониторингілеу және реттеу бойынша шаралар қабылдау;

6) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар санатына жататын квазимемлекеттік сектор субъектісі қызметкерлерінің заңнамаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауы тұрғысынан мониторинг жүргізу;

7) Қоғам қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, оның ішінде қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты қалыптастыруға бағытталған ішкі құжаттарын сақтауын бақылау;

8) азаматтық және бизнес-қоғамдастық институттарының өкілдерін тарта отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;

9) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы ақпаратты ашық жариялауды қамтамасыз ету;

10) сыбайлас жемқорлық және/немесе оған қатысу фактілері туралы өтініштер (шағымдар) негізінде қызметтік тексерулер жүргізу;

11) квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша жұмысты үйлестіру;

12) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға Қоғам қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кезінде жәрдем көрсету;

13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты істер бойынша сот практикасындағы өзгерістерді мониторингтеу және талдау.

14) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру бойынша Қоғамның мүдделі мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру;

15) Директорлар кеңесі және Басқарма үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және өткізілген іс-шаралар бойынша тоқсан сайынғы есепті дайындау;

16) Жалғыз акционер үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және өткізілген іс-шаралар бойынша жыл сайынғы есепті дайындау.

Байланыс деректері:

E-mail: Urmashov@qmu.kz

Тел. +7 7212 503930 (1273)

Гоголь 40, 302 кабинет

ҚМУ комплаенс-офицері туралы Ереже