Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Симуляциялық және білім беру технологиялар орталығы (СББТО)
Симуляциялық және білім беру технологиялар орталығы (СББТО)

Симуляциялық және білім беру технологиялар орталығы (СББТО)

Симуляциялық және білім беру технологиялар орталығы (СББТО)

f872de51b392e4ef347038520fdccba3СББТО-тың 15 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН АЛЬБОМ.

Симуляциялық және білім беру технологиялар орталығы (СББТО) өз қызметін 2007 жылдан бастап жүзеге асыруда. Симуляциялық және білім беру технологиялар орталығын ашылған күннен бастап медицина ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.. Виктор Петрович Риклефс басқарса (2007-2017), ал 2017 жылдан бастап орталыққа м.ғ.н. доцент Гульшат Сейтмуратовна Кемелова басшылық етуде.

СББТО миссиясы: клиникалық дағдыларды оқытуға арналған білім берудің қауіпсіз,  сенімді ортасын қамтамасыз ету және университет оқытушыларының әлеуетін арттыру.

Стратегиялық мақсаты: білім алушыларға  өмір бойы өздерін дамытуға, клиникалық біліктілікті қолдап, жақсартуға және оқып үйрену қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндіктерді ұсыну. 

 Симуляциялық және білім беру технологиялар орталығының негізгі міндеттері:

  • СББТО жағдайында клиникалық оқытуға арналған сәйкес білім беру ортасымен қамтамасыз ету.

·  Клиникалық дағдыны, манекендерді, муляждарды, автоматтандырылған виртуалды үлгілерді, интерактивті білім беретін компьютерлік бағдарламаларды, жазба, бейне материалдарын, сонымен қатар дағдыларды оқыту мен бағалауда стандартталған пациенттерді тарта отырып  біріктірілген оқытуды және клиникалық дағдыны оқытуда әртүрлі әдістерді қолдануды ұйымдастыру және енгізу. 

·  ЖОО білім беру қызметінің даму стратегиясын іске асыруда, заманауи талаптарға сәйкес оқу процесін жетілдіруге ат салысу. 

·  Студенттердің бойында өздігінен және өзіндік бағытта оқу дағдысын және өмір бойы өзін дамыта оқыту қағидасын іске асыруды  қалыптастыру. 

·  Объективті құрылымдық клиникалық емтиханды (ОҚКЕ) және топтық объективті құрылымдық клиникалық емтиханды (ТОҚКЕ) ұйымдастыру және өткізу, сонымен қатар ОҚКЕ мен ТОҚКЕ өткізуге қажетті әдістемелік құжаттарды бақылау және ұйымдастыру.  

·  Клиникалық дағдылар бойынша тест тапсырмалары  және оқыту бағдарламалары бойынша мәліметтер банкін әзірлеу және құру, сонымен қатар студенттердің клиникалық дағдылар  саласындағы дайындық сапасының мониторингі және ОҚКЕ мен ТОҚКЕ нәтижелері бойынша мәліметтер банкін әзірлеу және құру.

·  Клиникалық дағдыларды оқыту саласы бойынша  профессорлық-оқытушы құрамның біліктілігін арттыруда, мамандардың клиникалық дайындық сапасын арттыруда жәрдемдесу. 

Симуляцияны жақсы көретін әуесқойларға арналған  еBOOK

 Симуляциялық және білім беру технологиялар  орталығы  электронды кітабы орталықтың қызметі, жетістіктері, жабдықталуы туралы ақпаратты қамтиды. Электрондық кітапта сіз нормативтік құжаттармен, ережелермен, жадынамалармен, сондай-ақ сілтемелерден өтіп, бейнематериалдармен таныса аласыз.

Бұл кітап медициналық білім беру ұйымдарының студенттеріне, клиникалық кафедралардың оқытушыларына және симуляциялық орталықтардың қызметкерлеріне арналған.

Мекен-жайы:

 Қарағанды қаласы

 Алалыкин көшесі 7 үй

Байланыс телефоны:

 56-41-81 (ішкі1315)

*e-mail: Kemelova@kgmu.kz