Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті «ҚМУ» КеАҚ-нда білім алушылар қатарына ауысуға үміткерлер!

Құрметті «ҚМУ» КеАҚ-нда білім алушылар қатарына ауысуға үміткерлер!

12 Қаңтар 2024

Әрбір білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларды ауыстыру Академиялық саясатқа сәйкес академиялық күнтізбеге сәйкес демалыс уақытында жүзеге асырылады. Барлық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар қатарына ауысуға өтініш GPA жеткен кезде қабылданады:

2,75 – «ҚМУ» КеАҚ басқа ББ үміткерлері үшін; 

3,0 – басқа ЖЖОКБҰ үміткерлері үшін.

Өтініштерді қабылдау демалыстың соңғы жұмыс күні сағат 13.00 - де аяқталады.

Мектеп ауыстыру және қайта қабылдау кезінде білім беру бағдарламасының дайындық бағыты мен бейінін, бос орындар санын, оқыту тілін, білім алушының оқу жетістіктерін (GPA бүкіл оқу кезеңінде), сондай-ақ білім алушылардың академиялық адалдығын бұзу жағдайларын ескереді. Қарағанды, Қостанай, Ұлытау және Қызылорда облыстарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар кадрларды даярлау үшін «ҚМУ» КеАҚ бекітілген өңірлерде тұрақты тұратын тұлғалардың басым құқығы бар. Бос орындар саны кадрлық және материалдық-техникалық ресурстарға, білім алушылар контингентіне қарай айқындалады.

Білім алушылар қатарына «Медицина», «Жалпы медицина», «Педиатрия», «Қоғамдық денсаулық», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «IT-медицина», «Медициналық-профилактикалық іс», «Мейіргер ісі», «Биомедицина» білім беру бағдарламаларына ауыстыру орындар саны бойынша шектеусіз жүргізіледі.

Стоматология мектебі мен Фармация мектебі «Стоматология», «Фармация», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»  білім беру бағдарламаларына білім алушылар қатарына ауысуға бос орындар санын анықтады.

1 курстың бос орындарына конкурс өткізу кезінде GPA тең болған кжағдайдаезде басым құқық мынадай кезектілік бойынша беріледі:

1) «Алтын белгi» белгiсімен марапатталған адамдар;

    2) патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградталған адамдар;

    3) тiзбесiн ғылыми және жоғары білімі бiлiм беру саласындағыуәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беру пәндері бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздары, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтың олимпиада, конкурс немесе спорттық жарыс пәнiне сәйкес келуі шартымен жалпы бiлiм пәндері бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздары;

  4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдар.

5) Қарағанды, Қостанай, Ұлытау және Қызылорда облыстарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар кадрларды даярлау үшін «ҚМУ» КеАҚ бекітілген өңірлерде тұрақты тұратын тұлғалар.

  GPА тең болған жағдайда және 1-5 тармақшада көрсетілген басым құқық болмаған жағдайда ҰБТ нәтижелері бойынша бейіндік пәндер бойынша жоғары баллдары бар үміткерлерге артықшылық беріледі.

Жоғары курстардың бос орындарына конкурс өткізу кезінде (2-5 курстар) GPA тең болған жағдайда ғылыми және қоғамдық қызметте жеке жетістіктері бар білім алушылардың басым құқығы болады. Үміткерлерді бағалау қосымшада көрсетілген критерийлерге сәйкес балдық жүйе бойынша жүргізіледі:

X = (GPA*25 * 0,50) + (A*2*0,20) + (B*6,25*0,10) + (C*5*0,10) + (D*12,5*0,10), мұндағы A – ғылыми-зерттеу жұмысының, инновациялық және кәсіпкерлік қызметтің нәтижелері, B – спорттық қызметтің нәтижелері, С - мәдени және шығармашылық қызметтің нәтижелері, D - үміткердің қоғамдық маңызы бар қызметінің нәтижелері.

Қосымша

Үміткердің жеке жетістіктерін бағалау критерийлері

Критерийлері

Баллдар

Растау

1.  Ғылыми-зерттеу жұмысы, инновациялық және кәсіпкерлік қызмет (оқудың барлық кезеңінде студент жүргізетін ғылыми-зерттеу жұмысының, инновациялық және кәсіпкерлік қызметтің нәтижелері үшін баллдар саны)

1.1

Импакт-факторы бар журналдардағы жарияланымдар

Санына қарамастан

6 балл

Шығу деректерінің көшірмелері

1.2

Халықаралық ғылыми конференциялардағы баяндама (постер)

Санына қарамастан

5 балл

Дипломдар, ғылыми конференция материалдары, постерлер

1.3

Республикалық ғылыми конференциялардағы баяндама (постер)

Санына қарамастан

4 балл

Дипломдар, ғылыми конференция материалдары, постерлер

1.4

Өңірлік, университетаралық және университеттік ғылыми конференцияларда баяндама (постер)

Санына қарамастан

3 балл

Дипломдар, ғылыми конференция материалдары, постерлер

1.5

Халықаралық, республикалық, өңірлік, университетаралық және университеттік ғылыми конференциялардың материалдар жинағында жарияланымдар

Санына қарамастан

2 балл

Шығу деректерінің көшірмелері

1.6

Ғылыми әзірлемелер

Санына қарамастан

4 балл

Куәлік

1.7

Ғылыми гранттар, стипендиялар

Санына қарамастан

4 балл

Беру туралы сертификаттар

1.8

Стартапты әзірлеу және ілгерілету

Санына қарамастан

4 балл

Стартаптың болуын растайтын құжаттар

1.9

Халықаралық деңгейдегі олимпиадаларда, ғылыми және кәсіпкерлік конкурстарда жүлделі орын

Санына қарамастан

5 балл

Жүлделі орын беру туралы диплом

1.10

Республикалық деңгейдегі олимпиадаларда, ғылыми және кәсіпкерлік конкурстарда жүлделі орын

Санына қарамастан

4 балл

Жүлделі орын беру туралы диплом

1.11

Облыстық, өңірлік және университетаралық деңгейдегі олимпиадаларда, ғылыми және кәсіпкерлік конкурстарда жүлделі орын

Санына қарамастан

3 балл

Жүлделі орын беру туралы диплом

1.12

Университет деңгейіндегі олимпиадаларда, ғылыми және кәсіпкерлік конкурстарда жүлделі орын

Санына қарамастан

2 балл

Жүлделі орын беру туралы диплом

1.13

Халықаралық, республикалық, өңірлік, университетаралық және университетаралық олимпиадаларға, ғылыми және кәсіпкерлік конкурстарға қатысу

Санына қарамастан

1 балл

Қатысушы сертификаты

1.14

Ғылыми-практикалық конференциялар, ғылыми үйірмелер жәрмеңкелері, кәсіпкерлік бастамалар және т. б. ұйымдастыру.

Санына қарамастан

2 балл

Өткізу фактісін растайтын деканаттан немесе ЖЖБ-нен мінездеме

1.15

Университеттің ғылыми үйірмелерінің, студенттік кәсіпкерлік ұйымдарының қызметіне қатысу (мүшелік)

1 балл

Өткізу фактісін растайтын деканаттан немесе ЖЖБ-нен мінездеме

2.  Спорттық қызмет(оқытудың барлық кезеңі ішінде спорттық қызметтегі нәтижелері үшін балл саны)

2.1

Халықаралық деңгейдегі олимпиадалар мен спорттық жарыстарда жүлделі орын

Санына қарамастан

5 балл

Жүлделі орын беру туралы диплом

2.2

Республикалық деңгейдегі олимпиадалар мен спорттық жарыстарда жүлделі орын

Санына қарамастан

4 балл

Жүлделі орын беру туралы диплом

2.3

Облыстық, өңірлік және университетаралық деңгейдегі олимпиадалар мен спорттық жарыстарда жүлделі орын

Санына қарамастан

3 балл

Жүлделі орын беру туралы диплом

2.4

Университет деңгейіндегі олимпиадалар мен спорттық жарыстарда жүлделі орын

Санына қарамастан

2 балл

Жүлделі орын беру туралы диплом

2.5

Халықаралық, республикалық, өңірлік, университетаралық және университетаралық олимпиадалар мен спорттық жарыстарға қатысу, спорттық іс-шараларды ұйымдастыру

Санына қарамастан

1 балл

Қатысушының сертификаты, спорттық іс-шараны өткізу фактісін растайтын деканаттың немесе ФДО-ның мінездемесі

2.6

Университеттің спорт секцияларының қызметіне қатысу (мүшелік)

1 балл

Қатысу фактісін растайтын деканаттың немесе ФДО-ның мінездемесі

3.  Мәдени және шығармашылық қызмет (оқытудың бүкіл кезеңі ішінде мәдени және шығармашылық қызметтің нәтижелері үшін белгіленетін баллдар саны)

3.1

Шығармашылық фестивальдарда, конкурстарда, халықаралық деңгейдегі жарыстарда жүлделі орын

Санына қарамастан

5 балл

Жүлделі орын беру туралы диплом

3.2

Республикалық  фестивальдарда, конкурстарда, халықаралық деңгейдегі жарыстарда жүлделі орын

Санына қарамастан

4 балл

Жүлделі орын беру туралы диплом

3.3

Облыстық, өңірлік және университетаралық деңгейдегі шығармашылық фестивальдарда, конкурстарда, жарыстарда жүлделі орын

Санына қарамастан

3 балл

Жүлделі орын беру туралы диплом

3.4

Шығармашылық фестивальдарда, конкурстарда, университет деңгейіндегі жарыстарда жүлделі орын

Санына қарамастан

2 балл

Жүлделі орын беру туралы диплом

3.5

Халықаралық, республикалық, облыстық, өңірлік, университетаралық және университеттік шығармашылық фестивальдерге, конкурстарға, жарыстарға қатысу

Санына қарамастан

1 балл

Қатысушы сертификаты

3.6

Әр түрлі деңгейдегі мәдени және шығармашылық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу

Санына қарамастан

2 балл

Өткізу фактісін растайтын ЖЖБ-нен мінездеме

3.7

Шығармашылық үйірменің қызметіне басшылық жасау

2 балл

Басшылық  фактісін растайтын ЖЖБ-нен мінездеме

3.8

Университеттің шығармашылық үйірмелерінің қызметіне қатысу (мүшелік)

1 балл

Қатысу фактісін растайтын ЖЖБ-нен мінездеме

4.  Қоғамдық маңызы бар қызмет(Оқытудың барлық кезеңі ішінде жүзеге асырылатын жүйелі қоғамдық маңызы бар қызмет үшін баллдар саны)

4.1

Мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың және басқа да ұйымдардың қызметіне қатысу

2 балл

Ұйым басшыларының мінездемелері, ұйымдардың наградалары және қатысуды растайтын өзге де құжаттар

4.2

Түрлі деңгейдегі қоғамдық-маңызды іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу

Санына қарамастан

2 балл

Өткізу фактісін растайтын деканаттан немесе ЖЖБ-нен немесе өзге ұйымдардан мінездеме

4.3

Түрлі деңгейдегі қоғамдық-маңызды іс-шараларға қатысу

Санына қарамастан

1 балл

Өткізу фактісін растайтын деканаттан немесе ЖЖБ-нен немесе өзге ұйымдардан мінездеме

4.4

Студенттік бірлестіктің, басқа ұйымдардың қызметіне басшылық жасау

2 балл

Өткізу фактісін растайтын деканаттан немесе ЖЖБ-нен немесе өзге ұйымдардан мінездеме

4.5

Университеттің студенттік ұйымдарының қызметіне қатысу (мүшелік)

1 балл

Өткізу фактісін растайтын деканаттан немесе ЖЖБ-нен мінездеме


0
595

пікірлер

пікір қалдыру үшін.