Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Білім беру
Халықаралық медицина факультетінің деканаты
Факультеттің тарихы мен құрамы

Факультеттің тарихы мен құрамы

Шетелдік студенттерді даярлау факультеті 2016 жылдың қыркүйек айында негізін қалады.

2017 ж. шетелдік студенттерді даярлау факультеті халықаралық медицина факультетіне атауын өзгертті.

Факультетінің алғашқы жетекшісі – МВА Досқожин Дулат Мұқажанұлы болды.

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап 2023 жылдың ақпан айына дейін халықаралық медицина факультетінің деканатын м.ғ.к., доцент Төлеубеков Қуатбек Қуанышбекович басқарып келді.

2023 жылдың ақпанынан м.ғ.м Сәрсенбаев Қасым Қуандықұлы халықаралық медицина факультеті деканының м.а болып тағайындалды.

Деканат 5В130100 «Жалпы медицина» бакалавриатының мамандығы бойынша шетелдік студенттерді оқытуды ұйымдастырады.

Бүгінгі таңда ҚМУ қабырғасында «Жалпы медицина» мамандығының 1 бастап 5 курстарында 1168 шетелдік студенттер ағылшын тілінде білім алып жатыр.

Халықаралық медицина факультеті деканатының мақсаты – шетелдік азаматтардың білім алу сапасын қамтамасыз ету және тұрмыстық жағдайын жақсарту, университеттің белсенді өмірінде олардың белсене қатысуына атсалысу, емдеудің заманауи қағидаттарын, денсаулық сақтаудағы негіздерді меңгерген жоғары білікті кадрларды даярлау жолымен бакалавриат оқыту бағдарламасын жүзеге асыру.

Деканат қызметінің жалпы білім беретін бағытына 5В130100 «Жалпы медицина» мамандығының бакалавриат оқыту бағдарламасы бойынша шетелдік азаматтарды оқыту жұмысын ұйымдастыру кіреді. Шетелдік білім алушылармен оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүргізу. Университетке шетелдік талапкерлердің келіп түсу және оқу  мәселелерінде кеңес беру. Шетелдік білім алушылар үшін академиялық анықтамаларды және оқу сипатындағы басқа да құжаттарды даярлау. Шетелдік азаматтар үшін қазақ, орыс тілдері курстарын үйлестіру. ПОҚ пен шетелдік студенттердің академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру және қамтамасыз ету.

Ғылыми-зерттеу бағытына материалдық-техникалық және ресурстық база, кадрлық қарымға шетелдік студенттерді оқыту үшін оқыту бағдарламаларын жүзеге асыру талаптары мен критерилерін әзірлеу және бекіту жатады. Шетелдік студенттерді ғылыми үйірмелерге қатысуға тарту. Шетелдік студенттерге ғылыми жарияланымдар жазуға көмек көрсету.

Клиникалық бағытта ПОҚ шетелдік студенттердің клиникалық практикалық дағдыларын жетілдіру және меңгерту мақсатында ПДО оқытудан өткізеді. Шетелдік студенттердің жаңа орынға бейімдеу мақсатында шетелдік көшпенді кәсіби практика өту үшін жағдайлар жасалады.

Деканаттың тәрбие жұмысына шетелдік студенттердің орналасуында қажетті жағдайлар жасау болып табылады. Атап айтқанда, шетелдік студенттердің ҚР орналасу мәселелері бойынша миграциялық полициямен өзара қарым-қатынас; шығу визаларын рәсімдеу, Қарағанды облысының ІІД МҚБ шетелдік студенттеріне арналған визаларының уақытын ұзарту; Қарағанды қ. оқу және тұру процесіне үйрену үшін шетелдік білім алушыларға көмек көрсету; шетелдік білім алушылардың ата-аналарымен байланыста болу;

Сонымен қатар, шетелдік студенттердің тұрмысын жақсарту үшін жағдайлар жасау. Атап айтқанда, ҚМУ жатақханаларында шетелдік студенттердің тұруы үшін тиісті жағдайларды құру және қамтамасыз ету (жатақханаларда шетелдік студенттердің тұруын бақылау және даулы жағдайларды реттеу, жатақханаға орналастыру); барлық шетелдік студенттердің жатақханаларда орындар беріледі; ұлттық мерекелермен байланысты шараларды ұйымдастыру (Дивали, Холли); спортық шараларды ұйымдастыру және өткізу (крикет); шетелдік студенттермен мәдени-сауаттандыру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу (мұражайларға, көрмелерге бару, Астана қ. туристтік бару).

Деканат құрамы:

Жансейтов Азамат Толешович – академиялық жұмыс бойынша деканның орынбасары.

E-mail:zhanseitov.azamat@qmu.kz, байланыс телефоны: 50 39 30 (1822)

Кумар Динеш – әлеуметтік жұмыс бойынша маман.

E-mail: Kumar@qmu.kz , байланыс телефоны: 50 39 30 (1465)

Бақытхан Айтаңсық – маман.

E-mail: Bakythan@qmu.kz, байланыс телефоны: 50 39 30 (1671)

Бейсембаева Айгерим - паспорттық-визалық бақылау маманы.

E-mail: abilkassimova@qmu.kz, байланыс телефоны: +7 7212 50 39 30 (доб. 1275)

Каирбекова Меруерт Мейрамовна – маман.

E-mail: meruert_kairbekova@mail.ruбайланыс телефоны: +7 7212 50 39 30 (доб. 1570)