Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Кәсіби даму

Резидентура және қосымша білім беру факультетінің деканаты

8f33229479623d26de8f0c28d3b9ddf0

Дәрігерлер мен орта  медицина  қызметкерлерінің біліктілігін арттыру  факультеті  1993 ж. 20 тамыздағы № 356  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығының негізінде Қарағанды мемлекеттік  медицина  университетінің  базасында  ұйымдастырылды.

Факультеттің бірінші  жетекшісі - медицина  ғылымдарының докторы, профессор Александр Георгиевич Швецов. Жоғары  кәсібилігі  мен белсенді  қоғамдық жұмысы  үшін  оған «Коммунистік  еңбек  екпіндісі» атағы  берілді, «Еңбек  ардагері» медалімен және  «Денсаулық сақтау  үздігі» төсбелгісімен марапатталды. 

1997-2011 ж. аралығында деканатты, кейін факультетті  медицина  ғылымдарының докторы,  профессор Оспанова Қадиша Базарбайқызы басқарды. Отандық денсаулық сақтаудың  дамуына  қосқан  зор үлесі  мен Қазақстан халқы денсаулығының игілігіне риясыз еңбегі  үшін «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі»  төсбелгісімен,  «Ерен еңбегі үшін», «10 жыл Астана» медальдерімен және «Алтын Дәрігер» төсбелгісімен марапатталды.

2006 жылдан 2013 жылдың  тамызына  дейін  декан орынбасары, кейін декан болып медицина ғылымдарының кандидаты, Асенова Ляззат Хасеновна жұмыс істеді.

2012 жылдан бастап факультетке  клиникалық жұмыс және  үздіксіз кәсіби дамыту  жөніндегі  проректор, медицина  ғылымдарының докторы, профессор Көшерова Бақыт Нұрғалиқызы жетекшілік етеді. 

Б.Н. Көшерова Білім және  ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен және «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігіне» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. 

2013 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың қазанына дейін ҮКДФ  деканатын медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Омарқұлов  Бауыржан Кәденұлы  басқарды.

2014 жылдың қараша айынан бастап ҮКДФ  деканы, профессор м.а., доцент Асенова Ляззат Хасеновна басқарып келеді, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігіне» марапатталды.

Негізін қалаған және факультеттің  қалыптасуы  мен дамуына  зор үлес  қосқан адамдар медицина  саласындағы  атақты  ғалымдар, жетекші  мамандар, медицина  ғылымдарының докторлары,  профессорлар: К.Б. Оспанова, К.Ж. Мусулманбеков, К.А. Алиханова, Н.С. Умбеталина, Н.И. Шевелева, А.М. Букенов, К.А. Кенжебаева, Р.Х. Бегайдарова, Е.М. Сраубаев, С.П. Терехин, Р.А. Омарова, Р.С. Алимханова,  м.ғ.к., доцент Т.К. Дюсембаева.

Қазіргі  уақытта ғылым кандидаттары  мен докторлары, жоғары  және  бірінші біліктілік  санаты  бар  дәрігерлер  Л.Х. Асенова,  Д.Б. Кулов, Б.А. Абеуова, Л.Г. Тургунова, Р.М. Абдуллабекова, Т.О. Абугалиева, В.А. Жакипбекова, Б.К. Омаркулов, Е.А. Абилкасимов, Г.К. Магзумов, А.Г. Курашев, О.Н. Ержанов, М.С. Аскаров, Н.Т. Абатов, М.А. Газалиева, С.А. Ибраев, О.М. Газизов,  А.Б. Кузгибекова, Г.Г. Еремичева, М.Б.Бабенко, Н.И. Турсынов, Г.Т. Игимбаева, Е.А. Абдрахманова, Ш.Е. Диканбаева,  Т.А. Баешева, О.И. Требухина, Л.В. Тыль, Т.С. Сергалиев, М.М. Сыздыков, Б.Т. Айсанов және  т.б. еңбек  етуде.

Факультеттің  құрылу тарихы еліміздің  даму  тарихымен тығыз байланысты.  Қосымша медициналық білім берудің  және  үздіксіз білім беру  тұжырымдамасының  жаңа  стандарттарының  енгізілуіне  байланысты  дәрігерлер мен  орта  медицина  қызметкерлерінің  біліктілігін арттыру факультеті  2004 жылы  дипломнан кейінгі  білім  беру  және  үздіксіз кәсіби жетілдіру  факультетіне  атауы  өзгертілді (ДКББ және ҮКЖФ).

Факультеттің  жұмысын одан әрі  жетілдіру  үшін: 2005 ж.  ДКББ және ҮКЖФ 6 кафедрасы  ұйымдастырылды: ішкі аурулар; отбасылық медицина  және амбулаторлық-емханалық терапия; педиатрия, гигиена,  денсаулық сақтауды басқару  және  ұйымдастырудың  әлеуметтік медицинасы; стоматология; хирургия  және онкология.  2006 ж. дипломнан кейінгі  білім  беру  және  үздіксіз кәсіби жетілдіру  факультетін үздіксіз кәсіби дамыту  факультетінің деканатына ауыстырылды.

2010 ж. қаңтар айында ҚР жаңа қосымша білім беру стандартын енгізуіне байланысты факультетінің аталуы үздіксіз кәсіби дамыту  факультеті деканатына ауыстырылды. ҮКДФ біліктілікті  арттыру  және  қайта  даярлау  бағдарламалары  бойынша жоғары  және  орта  буын  мамандарын оқытуды, медициналық жоо және  медициналық колледж ПОҚ педагогикалық біліктілігін арттыруды,  резидентура, магистратурада (ғылыми және педагогикалық бағыт – 2 жыл, профильді  бағыт – 1 және  1,5 жыл.) және PhD-докторантурада, сонымен қатар парамедиктерді оқытуды  қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта ҚММУ ұйымдастырылған құрыламның өзгеруіне байланысты үздіксіз кәсіби дамыту факультеті резидентура және қосымша білім беру факультетіне ауыстырылды (Р және ҚБФ)

Факультетте 4 кафедра  ұйымдастырылды,  оқыту  резидентурада 30 мамандықтар бойынша, жоғары  медициналық және  фармацевтикалық білімі  бар мамандар үшін 56 мамандық бойынша  және орта  медициналық және  фармацевтикалық білімі бар мамандар үшін 8 мамандық бойынша  өткізіледі. 

  Ғылыми, білім беру  және тәжірибелік  қызметті  біріктіру  аясында мамандарды  ғылыми-зерттеу жұмысына  тарту және  Р және ҚБФ-мен өзара  әрекеттесу саласын кеңейту үшін жағдай  жасалды. Сөйтіп СӨЖ  шеңберінде тыңдаушылар ғылыми-зерттеу  жұмысына (курстық, таныстырылымдар,  бірлескен жарияланымдар және  конференцияларға  қатысу)  тартылады.

  Резидентурада және қосымша білім беруді өткізу  үшін тәлімгерлер мен тәжірибелік  денсаулық сақтаудың және жоғары  технологиялық жабдықталған клиникалардың  жоғары  білікті  мамандары  тартылады. Р және ҚБФ  кафедраларының клиникалық базалары: ҚММУ  емханасы және клиникалық-диагностикалық орталығы, МКК «Облыстық кардиохирургиялық орталығы», Қарағанды  облыстық онкология  диспансері  ҚМҚК, «Облыстық клиникалық аурухана» ҚМҚК, «Облыстық жұқпалы  аурулар ауруханасы» ҚМҚК, «№3 емхана» ҚМҚК, «Қарағанды  қ. Облыстық перинатальды орталығы» ҚМҚК, «Облыстық психоневрологиялық диспансер» ҚМҚК, Х.Ж.Мақажанов атындағы  Облыстық травматология  және  ортопедия орталығы, Облыстық балалар клиникалық ауруханасы, ҚММУ  стоматологиялық клиникасы,  Облыстық жақ-бет ауруханасы ҚМҚК, «Облыстық медицина  орталығы» ШЖҚ РМК, «Облыстық туберкулезге  қарсы диспансер» ҚМҚК, «Терівендиспансер» ҚМҚК, «Облыстық балалар психо-неврологиялық диспансері» ҚМК, «№1 қалалық ауруханасы» ҚМК,  «Гиппократ» ЖШС, «Облыстық ЖКМК станциясы» ҚМҚК. Қажеттілігіне орай облыстың басқа  да  емдеу-профилактикалық мекемелері  қолданылады.

Жыл сайын  факультетте  қайта  даярлық пен  біліктілікті  арттырудан Республикамыздың әр түрлі  аймақтарынан  жоғары  және  орта  медициналық білімі  бар, әлеуметтік қызметкерлер және парамедиктер 3000 мыңнан астам маман өтеді. Олар: Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар облыстары, Астана қ. және т.б.

2014 жылы ҚММУ білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша Тәуелсіз Қазақстандық агенттігімен (IQAA) резидентураның: 6R114200 – Педиатрия, 6R114300 – Неонатология, 6R111300 – Жұқпалы аурулар, оның ішінде балалар, 6R112500 – Клиникалық фармакология, 6R111500 – Невропатология, оның ішінде балалар, 6R113900 – Патологиялық анатомия, оның ішінде балалар, 6R113400 – Онкология, оның ішінде балалар білім беру бағдарламалары бойынша институционалдық және мамандырылған аккредитациядан өтті, 2015 жылы 6R111900 - Сәулелі диагностика, 6R111800 – Медициналық реабилитология, 6R113500 – Травматология және ортопедия, оның ішінде балалар, 6R113300  – Балалар хирургиясы, 6R114400–Акушерство және гинекология, оның ішінде балалар, 6R113700 – Офтальмология, оның ішінде балалар, 6R113800 - Оториноларингология, оның ішінде балалар мамандықтары бойынша бағдарламалар аккредитацияланды, 2017 жылы резидентураның 5 мамандықтары бойынша: 6R110300 – Кардиология, оның ішінде балалар, 6R110700 – Гематология, 6R110900 – Эндокринология, оның ішінде балалар, 6R111600 – Психиатрия, 6R113600 – Урология және андрология, оның ішінде балалар бағдарламалар аккредитацияланды.

Резидентура және қосымша білім беру факультетінің мақсаты резидентура бағдарламаларын жүзеге асыру және қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мен денсаулық сақтау жүйесіндегі жоғары білікті, денсаулық сақтаудағы қазіргі әдістер мен технологияларды қолданатын кадрларды қамтамасыз ету, оқытудың жаңа формалары мен әдістерін енгізу болып табылады.

Негізгі міндеттер болып табылады:

Фармацевтикалық және медициналық білімі бар мамандарға қосымша білім беру бойынша білім үдерісін бақылау, қамтамасыз ету, жоспарлау және ұйымдастыру.

Резидентура оқу үдерісін ұйымдастыру, жоспарлау, қамтамасыз ету және бақылау.

Практикалық денсаулық сақтаудағы мамандарды қанағаттандыру және ұсынылған қызметтер сапасын жетілдіруге бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру.

Практикалық денсаулық сақтау қажеттіліктері мен ғылым жетістіктеріне сәйкес жаңа білім беру бағдарламасын оқу үдерісіне енгізуді ұйымдастыру.

Деканат құрылымы:

839471a0b923f54d4fead7fd6b3dbd2f