Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Ақпарат хабар
Хабарландыру

Хабарландыру

09 Ақпан 2022

Университет - бұл сақтауды қажет ететін өз ережелері бар білім беру мекемесі. Бұл бөлімде https://www.qmu.edu.kz/media/qmudoc/PravVN.pdf сіз білім алушылардың тәртіптік теріс қылықтар жасауына байланысты тәртіптік жазаларды қолдану, жеке дауларды шешу, сондай-ақ тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы шешімдерге шағым жасау мәселелерінде әкімшілік-құқықтық қатынастар тараптарының мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізу мақсатында жазылған "ҚМУ" КеАҚ-ның қағидалардың негізгі жинақтарымен таныса аласыз.

Медицина мектебі бойынша тек қана 2021-2022 оқу жылының бірінші жартыжылдығында 36 тәртіптік жазалар қолданылды, оның ішінде  сөгіс - 6 , қатаң сөгіс - 23, университеттен шығару – 7. Сол себепті "ҚМУ" КеАҚ Еңбек (ішкі) тәртіп (бұдан әрі - ЕІТЕ) қағидасының "Оқу бөлімінің" негізгі кезеңдерін еске саламыз.

Білім алушыға тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін оған деканның немесе студенттердің белгіленген ережелерді сақтауын қадағалау жөніндегі комиссияның ұсынысы бойынша ЕІТЕ көзделген тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін.

Тәртіптік жаза жасалған тәртіптік теріс қылықтың ауырлығына, оны жасаған адамның кінәсінің дәрежесіне сәйкес келеді.

Тәртіптік жазаның түрін айқындау кезінде жиынтықта ескеріледі:

1. Заңсыздықтың мазмұны мен сипаты;

2. Теріс қылық жасалған кездегі мән-жайлар (уақыты, орны, тәсілі және оны жасаудың басқа да мән-жайлары), білім алушының кінәсі;

3. Жасалған теріс қылыққа әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін теріс салдарлар;

4. Оны жасаған адамның бұрынғы мінез-құлқы;

5. Білім алушының жеке басын сипаттайтын өзге де мән-жайлар.

Тәртіптік жазаның келесі түрлері бар:

* Ескерту;

* Сөгіс;

* Қатаң сөгіс;

* Оқу орнынан шығару.

Құрметті білім алушылар, қолайсыз жағдайларды алдын-ала болдырмау үшін "ҚМУ" КеАҚ ЕІТЕ -мен тағы да танысуыңызды сұраймыз.

Сондай-ақ, білім алушылар қоғамдық, ғылыми қызметке белсенді қатысқаны, шығармашылық, білім беру және спорт салаларындағы жеке жетістіктері үшін көтермеленуі мүмкін екенін еске саламыз.

Медицина мектебі


0
2064

пікірлер

пікір қалдыру үшін.