Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ардагерлерге қамқорлық.

Ардагерлерге қамқорлық.

18 Наурыз 2015

Ардагерлер – ұлы батырлықтың, ұлы қасіреттің дәлелі. Дәл осы ұлы адамдарға біз өмірімізбен қарыздармыз. Жыл өткен сайын олардың саны азаюда. Ал біз, кейінгі ұрпақ, ардагерлеріміздің жүзінен күлкі кетпес үшін қолымыздан келгеннің бәрін істеуге міндеттіміз.

8 - наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстан медицина жастары қауымдастығының Жергілікті комитеті Қарағанды мемлекеттік медицина университеті атынан әртүрлі жылдарда біздің университетімізде еңбек еткен Ұлы Отан соғысының әйел-ардагерлерін және тыл еңбеккерлерін құттықтады.

Осы керемет мерекелі күнде біздің студенттер Г. Г. Шамсееваның, В. Я. Галкинаның, Т.М. Шустерованың, А. Х. Зарипованың, Г.Р. Исинаның, Б. А.Тельгаринаның және  Р.К.Жакенованың жағдайларын біліп қайтты.

Уақыт ешкімді аямайды. Барлық ардагерлеріміздің денсаулығы нашарлаған. Біразы нашар естиді және көрмейді, көбісі тіптен төсектен өз еркімен тұра алмайды, денсаулықтары сыр бере бастаған, бірақ соған қарамастан, бұл кісілер әрдайым әңгімеге ашық. Біздің сұрақтарымызды қызығушылықпен тыңдап, жылы жүзбен жауап берді. Өткенді: соғыс кезінде окоп қазып жүргендерін, тәулігіне 14-15 сағат бойы демалыссыз жұмыс істегендерін, аштықта жүргендерін, жағымсыз қарақағаз алғандарын және Ұлы Жеңіске бәрінің бірге қуанғандарын еске алып, көздеріне жас келді. ҚММУ-дағы жұмыс жылдары туралы қызықты оқиғалар айтылды. Өздерінің студенттері мен олардың жетістіктері жайында мақтанышпен еске алды. Мысалы, Г. Г. Шамсееваның қызы мұрағаттарға қызықты саяхат жасап, студенттерге бірнеше бағалы фотосуреттер мен анасының жазған мақаласы бар 1973 жылғы газетті сыйлады. В. Я. Галкина әр студентке естелікке кітаптан сыйлап, ҚММУ жұмыс кездерінің фотосуретімен бөлісті.

Барлық ардагерлер студенттерді қуана қарсы алып, қызықты да әсерлі оқиғаларымен, өткен дәуірдің естеліктерімен бөлісті. Ардагерлермен сөйлесіп, олардың оқиғаларын тыңдап, студенттер көптеген әсерлер мен сан түрлі көңіл-күйге бөленді. Студенттер ардагерлерге оларды ұмытпауға және жиі келіп тұруға уәде берді.

Ардагерлер ұмытылмаған және ешқашан ұмытылмайды да, осыны ҚММУ студенттері тағы бір мәрте дәлелдеді. Біз олардың әрқайсысына көк аспанымыз үшін, бейбітшілігіміз бен тыныштығымыз үшін – барлығы үшін есте сақтап, алғыс айтуымыз қажет.

Мұрат Ғазиза

2-035 ОМФ

Қазақстан медицина жастары қауымдастығы


0
17594

пікірлер

пікір қалдыру үшін.