Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Наурыз келді

Наурыз келді

26 Наурыз 2015

2015-жылдың 17-мамырда ҚММУ Медициналық колледжінде Наурыз мейрамына арналған ашық іс-шара өткізілді.  Қатысушылар фестиваль бағдарламасында оқушылар және қонақтарды  түрлі ұлттардың мәдениетімен таныстырды, нақтырақ айтсақ ұлттық салт-дәстүрлер, ұлттық тағамдардың көп түрлілігін, киім-кешектердің байлығын көрсетіп, ән салып, би биледі.

Стоматология және Ортопедиялық стоматология мамандықтарының колледж оқушылары  топ кураторларымен бірге концерттік қойылымдар дайындап, ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрлері жайлы ақпаратты жинап, өз бағадарламаларын көпшілікке жария етті. Оның ішінде  Р.Т.Кожанова бастауымен 202 КС тобы, А.У. Бирмуханова бастауымен 301 КС тобы, З.М.Муцольгова бастауымен 302 КС тобы, Р.А. Абдрахманов бастауымен 201 КСО тобы концерттік нөмірлерді дайындады, іс-шараның басында тартылған жеребеден, оларға тиген ұлт мәдениеті және әдет-ғұрыптары материалдарын жинады.

Мейрамның бағдарламасында келесі ұлттардың мәдениеттері көрсетілді: қазақ, өзбек, шешен, ингуш, түрік, және сыған. Барлық концерттік нөмірлер аса жарқын және қызықты өткізілді. Мейрам достық, бірлік және отан сүйгіштік көңіл күйінде өтті. Оқушылар алғыс хаттарммен марапатталды.

Іс-шара этносаралық қарым-қатынасты нығайтып, оқушыларда шыдамдылық,  өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиеледі.

    У.М.Сабитова, З.М.Муцольгова

ҚММУ медицина колледжінің оқытушылары


0
17761

пікірлер

пікір қалдыру үшін.