Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Бір отбасы- бір шаңырақ астында

Бір отбасы- бір шаңырақ астында

31 Наурыз 2015

6-ақпан күні бастау алған Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы бейбітшілік пен келісімнің жалпыхалықтық институтына айналғанын дәлелдеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы - бұл Қазақстан Республикасының жаңа тиімді саясатының нәтижесі, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жемісті саяси жобасы.

Ассамблея жастардың тәрбие ісі және әртүрлі саяси, қоғамдық, заң шығарушылық қызметте зор мүмкіншіліктерді ашатынын көрсетті.

Этномәдени бірлестіктердің көшбасшылары Президенттің «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» жолдауын талдауға қатысады.

Қарағандының этномәдени бірліктерінің  мүшелері болған барлық ұжымдарда қоғам бірлігіне, демократияны дамытуға, бір азамттық қауымдастық құруға бағытталған қадамдары шынайы ықылас пен қолдауды шақырады.

Ассамблея жұмыстың жаңа нысандарын дамытуды жалғастыруда.  2015-жылдың 18-наурызында облыстық Ассамблея тарихының тағы бір бетін ашқан жаңа дәстүр пайда болды.

Бұл - Қазақстан халқы Ассамблеясы аптасы, №5 орта мектебінің ресурстық орталығы мен ҚХА облыстық этномәдени бірлестігінің ғылыми-сараптамалық тобымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Бұл дәстүрдің басталуына ресурстық орталық пен облыстық ҚХА арасындағы ынтымақтастық меморандумы негіз болды. Аптаның жемісті өтуі қоғамдық бірлестіктер мен жастар белсенділерінің өзара тығыз әрекеттестігіне бастау береді.


0
18463

пікірлер

пікір қалдыру үшін.