Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
№2 ішкі аурулар кафедрасында Наурыз мерекесін тойлау.

№2 ішкі аурулар кафедрасында Наурыз мерекесін тойлау.

31 Наурыз 2015

Наурыз мерекесі қарсаңында №2 ішкі аурулар кафедрасы №1 қалалық аурухана базасында қайырымдылық кеш өткізді.  Аурухана науқастары мен медицина қызметкерлеріне өлеңдер, күйлер, әндер салынып, би, дәстүрлер және қазақ халқының ұлттық тағамдары көрсетілді.

Дәстүрге сай бұл күні әр адам 7 қонақ күтіп, 7 үйге қонақ болуы тиіс.

Барлық қонақтарға ерте кезден бүгінгі күнге дейін 7 құрамнан құралатын ұлттық тағам «Наурыз көже» ұсынылды. Мерекелік көңіл күймен медбике А.Берикбаева барлығын өз дарынымен таң қалдырып, домбырада ойнады және 2 күй орындады. Концерт шашу салт дәстүрімен аяқталды, барлығы ұлттық тағамдары бар үстелге шақырылды.

Концерттік бағдарламаны ұйымдастыруға және жүргізуге қатысқандар: 4017-тобының студенттері: А.Болашева, К.Жылысбек, Ж.Мерейхан; интерндер 6038-топ: А.Шораева, Г.Кабидолдина; 6037-топ: Б.Секимова; 6036 топ: Г.Ержигитова, А.Касымова, Г.Сопиева, К.Мустанова; 6051-топ: В.Цой; 6047-топ: Ж.Мультенова.

Залды мерекелік безендіруге 4069, 4070-тобының студенттері ат салысты.

  Бұндай мерекелік іс- шара аурухана ашылғаннан бірінші рет өткізілуде. Барлық қонақтар риза болып қайтты.

Интерн 6036 топ А.Касымова


0
18696

пікірлер

пікір қалдыру үшін.