Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жастар және ғылым: әрқашан бірге, әрқашан жаныңда

Жастар және ғылым: әрқашан бірге, әрқашан жаныңда

01 Сәуір 2015

2015-жылдың 26 - ақпанында «Ғылым әлемі және жастар: жетістіктер және келешегі» атты конференция өтті. Конференцияның мақсаты: медицина мен денсаулық сақтау саласындағы жас ғалымдардың ғылыми жетістіктерін ақпараттандыру және медицинаның өзекті мәселелерін кеңірек талқылау.

Медицинаның түрлі салалары бойынша 9 секция және Е-постерлер секциясы ұйымдастырылды. Конференция жұмысына Қазақстанның әр түрлі аумақтарынан, таяу және алыс шет елдерден жас ғалымдар қатысты. ҚММУ ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры А.А. Тұрмұхамбетова өзінің алғы сөзінде жыл сайынғы Халықаралық жас ғалымдар конференция қатысушыларын құттықтады, отандық ғылымды қолдаудың ғылыми ортаның қалыптасуында маңызды екенін атап өтті. Толық мәжілісте Испания өкілінің онлайн-баяндамасы ұйымдастырылды. Барселона Университетінің өкілі Krzysztof Lach стационарлы жағдайдағы медициналық кіріспелерді технологиялық бағалаулар мүмкіндігі жайлы баяндамасын ұсынды. ҚММУ профессоры, ұжымдық зертхананың директоры, зертхана аудиториясында ғылыми жұмыстардың ұйымдастырылуы мен заманауи құрылғылармен жабдықтылуы жайлы жарқын баяндап өтті. Әр секцияның жұмысына Республиканың әр түрлі ЖОО (Қоғамдық денсаулық сақтау жоғарғы мектебі, Алматы, Мемлекеттік медициналық университеті Семей қ., М. Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан медициналық университеті, Ақтобе, Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы, Шымкент, «Астана Медициналық Университеті» АҚ, Астана, Үздіксіз білім беру Қазақ медициналық университеті, Алматы, «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы»  АҚ, Қазақстан), сонымен қатар таяу шет мемлекеттерден (Абуали ибн Сино атындағы ТММУ, Душанбе қ, Тәжікстан, «Курск мемлекеттік медициналық университеті», Курск қ., Ресей) жас ғалымдары, докторанттары, магистранттары мен резиденттері қатысты.

Секциялық отырыстар бойынша үздік баяндамалар анықталды. «Қоғамдық денсаулық сақтау, гигиена және әлеуметтік медицина» дипломымен және бағалы сыйлықтармен мараптталғандар - А.Р. Айтмағамбетов, М.Ж. Әлиева (ҚММУ, Қазақстан), «Клиникалық медицина» секциясы бойынша - А.А. Наурызбаева (АМУ, Қазақстан) марапатталып, К.К. Шарипова (БҚММУ М. Оспанов атындағы, Қазақстан) және С.С. Шуахбаев (ҚММУ, Қазақстан) баянадмалары атап өтілді, Н.К. Нурсейитова (ҚММУ, Қазақстан), «Зертханалық, молекулярлық медицина мен биология» бойынша Е.А. Колесникова (ҚММУ, Қазақстан), «Стоматология, отоларингология» секциясында - А.Т. Тоқбергенова (ҚММУ, Қазақстан) баяндамалары үздік болды, е-постерлерді бағалау нәтижесі бойынша дипломмен және бағалы сыйлықпен А.Т. Бектұрсынова (ҚММУ, Қазақстан) марапатталды.

Ғылыми конференцияларға қатысу ғылыми жұмыс нәтижелерін кең ауқымды ортаға жеткізуге, жаңа әріптестерді табуға, тілектестерді және басымды серіктестерді тек Қазақстанда ғана емес, шет елдерден де табуға мүмкіндік береді.


0
18359

пікірлер

пікір қалдыру үшін.