Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Көктемгі Ассамблея

Көктемгі Ассамблея

02 Сәуір 2015

Наурыз айының 2-8 жұлдыздары аралығында Түркия Республикасы, Анталия қаласында қазіргі таңдағы ең алып жастар федерациясы болып табылатын Дүниежүзілік Медицина жастары қауымдастығыХалықаралық федерациясының (IFMSA) 64-ші Көктемгі Бас Ассамблеясы(БА) өтті.

Бұл аталып өткен БА-ға әлемнің 110 мемлекетінен мыңнан аса Медицина жастары қатысып ат салысты. Себебі, бұл аталып өткен алып Федерация 1951 жылдан өз бастауын алады және осы таңға дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) жастар қанатына айналды. IFMSA құрамына 119 мемлекеттің 126 Медицина жастарының қауымдастығы кіреді. Соның ішінде, біздің еліміздің Қазақстан Медицина жастары қауымдастығы да (KazMSA-Kazakhstan) құрамына кіреді.

KazMSA өз жұмысын осыдан бір жыл бұрын бастаса да, алдына саналы да сапалы жоспарлар қойып, соны өз ыждаһаттылығымен орындап, біздің қоғамымыздағы денсаулық сақтау мәселелерін шешіп жатқан жайы бар. Бұл ретте де Түркия Республикасы, Анталия қаласында өткен IFMSA-дай алып бірлестікпен өткізілген 64-ші БА-сы, біздің Медицина жастарымыздың әлемдік аренаға шығуына, өзінің әріптестерімен пікірлер алмасуға, жан-жақты тәжірибе алмасуға, алып бір алаң құруға көп септігін тигізгені айдан анық.

Аталынып өткен Ассамблеяға Қазақстанның медициналық және фармацевтикалық бағытта білім беретін бес ЖОО-дан KazMSA-ның 9 мүшесі қатысып, өз белсенділіктерін таныта білді, соның ішінде Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен жалпы медицина мамандығының 6 - курс интерні Сақтағанов Жақсыбек қатысты.

Бір аптаға созылған бұл Ассамблея біздің Медицина жастарымыз үшін жемісті болды. Себебі, көптеген елдермен ынтымақтастық шарттары жасалынып, арнайы жобалар мен тәжірибе алмасудың көпірін орнатты, IFMSA-ның беделді мүшелерінің бірі бола алды. Біздің еліміздің Медицина жастары көк байрағымызды Түркия төрінде желбіретіп, барлық әлем жастарына танытты және абыройымызды асқақтата білді!

Аталмыш іс-шараға қатысуға мүмкіндік берген біздің университетіміздің ректоры, профессор Р.С.Досмағамбетова шексіз алғысымызды білдіргіміз келеді.

Ибраев Батыржан

Қазақстан медицина жастары ассоциациясы

ҚММУ жергілікті комитетінің төрағасы


0
17955

пікірлер

пікір қалдыру үшін.