Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Наурыз мейрамын ҚММУ консультациялық-диагностикалық орталығында тойлау

Наурыз мейрамын ҚММУ консультациялық-диагностикалық орталығында тойлау

02 Сәуір 2015

20-наурыз күні ҚММУ КДО-да ҚММУ КДО-ның профессор-оқытушыларының және ҚММУ емханасының штаттық құрамының атсалысуымен  Наурыз мерекесіне  арналған, этностильдегі ең үздік номер байқауы мерекелік  шарасы өткізілді.

Консультациялық-диагностикалық және емдеу-профилактикалық қызмет 3 түрлі бағытта көрсетілуін ескере отырып, байқау 3 профиль арасында өткізілді: педиатриялық, терапиялық және хирургиялық. Қатысушылар ретінде ҚММУ КДО қызметкерлері, олардың балалары, немерелері, сонымен қатар студенттер, интерндер, резиденттер болды.

Мерекенің ашылу салтанаты ҚММУ емханасының бас дәрігері А.В. Ульяновтың құттықтау сөзімен басталды.

Ұйымдастыру-экономикалық мәселелер жөніндегі проректор З.З.Бектұрғанов барлық қатысушыларды көктем мейрамымен құттықтады және ҚММУ КДО жеке ұйым ретінде болашақтағы ісіне сәттілік тіледі.

Байқауға қатысушылардың өнерін бағалайтын әділқазылар құрамында экономикалық мәселелер жөніндегі проректор З.З. Бектұрғанов, клиникалық жұмыстар бойынша проректор Б.Н Көшерова, кәсіподақ комитетінің төрағасы  Н.Н.Наурызов, қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Н.Г.Азарова, студенттермен әлеуметтік және тәрбие жұмысы бөлімінің басқарушысы Б.А.Жұмабеков, ҚММУ мұражайының директоры С.А.Сартабаев болды. Байқау  бөлмелерде ұсынылған тағамдар мен атрибуттармен өткізілді. Байқауда қазақ халқының салт-дәстүрінің  бірі бесікке салу, түрлі әндер, ұлттық билер, аспаптарда орындалған әуендер, әзіл-сауық көріністері көрерменнің назарына ұсынылды.

Көптеген қойылымдар болды, соның ішінде доцент Н.С.Асылбековтің домбырада орындалған әні, ассистент М.Т. Абдрахманова “Көктем” әні, сәулелі және УДЗ диагностика кафедрасының резиденттерін айтуға болады.

Бірінші орынмен педиатрия профилі марапатталды (жауапты профессор Б.А Абеуова), екінші орынды терапия (жауапты доцент М.А.Газалиева) профилі, үшінші орынды хирургия профилі (жауапты М.М Жанасова) иеленді.

Жалпы алғанда мерекелік іс-шара қуанышты, мерекелік көңіл күймен өтті.

Байқау аяқталған соң мерекелік дастархан жайылды.

  ҚММУ КДО әкімшілігі.


0
18322

пікірлер

пікір қалдыру үшін.