Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тұрғындарды қызылшаға қарсы қосымша егу бойынша семинар – тренинг

Тұрғындарды қызылшаға қарсы қосымша егу бойынша семинар – тренинг

03 Сәуір 2015

30.03.2015 және 31.03.2015 жылы ҚММУ базасында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің тапсырысы бойныша тұрғындарды қызылшаға қарсы қосымша егу кампаниясын жүргізу барысында семинар – тренинг өткізілді. Семинарға 600 адам – облыстық денсаулық сақтау басқармасының, қалалық білім басқармасының өкілдері, Қарағанды облысының медицина қызметкерлері (дәрігерлер, орташа медициналық қызметкерлер), алғашқы медициналық – санитарлық көмек көрсететін қызметкерлер (АМСК), мектеп, колледж, ЖОО жетекшілері мен орынбасарлары, егілуі керек балалар ата – аналары қатысты. 

Тыңдаушылар арасында профессор Б.Н. Көшерованың «Қызылша вакцинасы: жетістік тарихы. Вакцинация кері әсерлерінің жіктелуі», доцент Ф.М. Шайзадинаның «ҚР мен әлемдегі қызылшамен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай», доцент А.М. Смагулованың «Медициналық қызметкерлер, ата – аналар және балалар арасындағы коммуникативті дағдылар» тақырыбына арналған баяндамалар қызығушылық танытты.

Тыңдаушыларды клиникалық жағдайларды талдау қызықтырды. Алдын ала егулерді жүргізу және ұйымдастыру, егулердің тиімділігі, егуден кейінгі көріністердің болу мүмкіндіктері, вакцинацияны жүргізу көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері бойынша сұрақтар қойылды.

Ф.М. Шайзадина

Эпидемиология және коммуналды гигиена

кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., доцент


0
17802

пікірлер

пікір қалдыру үшін.