Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Балалар үйіндегі көктемгі«Шығыс ертегісі»

Балалар үйіндегі көктемгі«Шығыс ертегісі»

06 Сәуір 2015

Наурыз – түрік және иран тілдес халықтардың бес мың жылдан бері атап өтіп келе жатқан басты мерекесі. Наурыз – бұл көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың, жаңа өмірдің басталуы. Жынысына, жасына және әлеуметтік жағдайына қарамастан, барлық адамдар күнделікті міндеттерінен босатылып, сауық-сайран мен ойындарға бiр адамдай кiрiстi.

№1 жедел және кідіріссіз медициналық көмек кафедрасыда сыртта қалған жоқ. Мереке қарсаңында, 2015 жылдың 19 наурызында №1 ЖжКМК кафедра меңгерушісі А.Р. Алпысова және кафедра ассистенті Е.И. Буркова, Жалпы медицина және стоматология факультетінің 5-курс студенттерімен «Дамуындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған балалар үйі» ММ тәрбиеленушілеріне мерекелік құттықтау ұйымдастырылды.Іс-шараны ұйымдастыруда Г.Есхараева (5-004топ), Б.Балжанова (5-022топ), Г. Зәуірбек, Г.Алиева (5-023топ), В.Нагиева (5-043топ), А.Тойымбекова, Е.Джакупбеков, А.Базилова (5-044топ), З.Досымбеккызы (5-066топ), Л.Абильдина, Е.Маханов, Х.Давранов (5-068топ) студенттер қатысты. Көңілді мерекелік бағдарламада Шахерезада және Падишах ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен ойындар, Қазақстан, Ресей және Өзбекстан қонақтарының құттықтаулары, сыңғырлаған өлеңдер және әсерлі билер болды. Балалар шығыс ертегісіне түсіп кеткендей болды және ертегінің әсерлі ғажайыбын сезді. Олар конкурстарға белсенді қатысты және әнге қосылды. Мереке қуанышты және досталық ахуалда өтті. Олардың қуанышты көздерін байқамаған жан қалмады! Балалар ертегіні зейін салып және қызықтап көріп тындады, ойынға барлығы қатысты – қатарларында көңілсіз отырғандар болған жоқ.

Балалардың қуаныштарына біз де қосылып, әр нөмірге ынтамен қарадық. Кішкентай жастарында ата-аналарынсыз қалған балаларға қуаныш сыйлау және жылулықтың кішкентай бір бөлігін беру біз үшін қуаныш болды.

Кездесу аяғында әдеттегідей балалар №1 ЖжКМК кафедрасынан және студенттерден сыйлықтар, сонымен қатар мерекеге арналған сый-сияпаттарды алды.

Балалар үйінің дәстүрі бойынша барлық тәрбиеленушілер махабаттарымен және мейірімділіктерімен өздерінің көңілді билерін көрсетіп, таң қалдырды.

Балалар үйінің тәрбиешілеріне және балаларына сыйлаған мереке өте ұнады – олардың көздерінде қуаныш оты жайнады, ал балалар көздеріндегі қуаныш – біз үшін ең жақсы марапат! Балалар бізді шығарып салғанда қайтадан келуімізді сұрады.

Наталья Шелудько, Жалпы медицина және стоматология факультетінің 5-053-тобының студенті.

№1 жедел және кідіріссіз медициналық көмек кафедрасы.


0
17629

пікірлер

пікір қалдыру үшін.