Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жас ғалымдар денсаулық сақтауғаатсалысады.

Жас ғалымдар денсаулық сақтауғаатсалысады.

07 Сәуір 2015

Осы жылдың 16 – 19 наурызы аралығында Саратов қаласындағы В.И. Разумовский атындағы Саратов мемлекеттік медициналық университетінің қабырғасында халықаралық қатысуымен IV Бүкіл Ресейлік ғылыми аптасы және «Жас ғалымдар – денсаулық сақтауға» атты ғылыми- тәжірибелік конференция өтті. Бұл ғылыми аптада Ресейден, Дагестаннан, Өзбекстанан, Татарстаннан, Украинадан, Қазақстаннан жас ғалымдар және студенттер қатысты. Біздің университет атынан балалар жасындағы стоматология және ортодонтия кафедрасының ғылыми үйірмесінің қатысушысы, «Стоматология» мамандығының, 4 курс студенті Жанабилов Альжан қатысқан болатын.

Жанабилов Альжан «Тәжірибелік биомеханика» атты стоматология секциясында өзінің ғылыми жұмысын ұсынған. Бұл жұмыс балалар жасындағы стоматология кафедрасының ассистенті Қ.С. Мухтарова және м.ғ.к., микробиология кафедрасының доценті Г.А. Абдулина жетекшілігімен жазылды.

Ғылыми аптада қатысқан барлық студенттер және жас ғалымдар медицинаның өзекті мәселерін, соның ішінде стоматология саласындағы да мәселелерді қарастырған болатын. Конференция күндерінде секциялардың кездесулерімен қатар, Саратов мемлекеттік медициналық университетінің студенттерімен ұйымдастырылған түрлі мерекелік шаралар өткізілді. Ғылыми аптасының соңында жүлделі орындарға ие болған қатысушылардың марапатталуы болды. Конференцияның президиумы студенттің жоғары дәрежелі дайындығын, жұмысты жазуға ғылыми көзқарасын және ғылыми жұмыстың өзектілігін бағалап, қорытынды бойынша Жанабилов Альжан 2 дәрежелі дипломға ие болды.

Конференцияға қатысуға берілген мүмкіндік үшін ҚММУ ректорына, профессор Р.С. Досмағамбетоваға алғысымды білдіремін.

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы


0
18496

пікірлер

пікір қалдыру үшін.