Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Наурыз» мерекесі

«Наурыз» мерекесі

07 Сәуір 2015

Көктемнің күн мен түннің теңесуі қарсаңында Облыстық жедел медициналық көмек станциясында Наурыз мерекесіне арналған  мерекелік іс-шаралар өткізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығы аясында әр бөлімше, сонын ішінде ҚММУ жедел және кідіріссіз медициналық көмектің екі кафедрасы Қазақстан территориясында бейбітшілікте, достықта, толеранттылықта және бірлікте тұратын халықтардың концерттік нөмірлерін, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, тағамдары мен киімдерін көрсетті.

№1 ЖжКМК кафедрасының ұжымы өзбек халқын таныстырды. Мерекеге қызметкерлер мен студенттер белсенді қатысты. Тағамдары, киімдері, қызықты жалынды өзбек билері көрсетіліп, әндері, конферансье-студенттердің сөздері айтылды, сондай-ақ мерекелік концерттегі барлық қатысушылардың әртістік орындау қабілеттері ду кол шапалақпен қабылданды. Х. Эргашов (5-005 топ) орындауында өзбек тіліндегі ән шырқалып, А. Мугдар (5-005топ) көрікті биімен қосақтады. Сонымен қатар Б.Т. Бижанова (5-022 топ) - «Ташкент-Самаркан» әнін орындады; 5-023 - топ студенттері Г.Ш. Алиева және Г.Т.Зәуірбек ұлттық өзбек биімен шықты, М. Абдикаримов (5-066 топ) «Андижандық полька» биімен  қатысушыларды жігерлендірді. Жүргізушілер Р. Тургунбаева мен Н. Демееваның (5-005 топ) сөйлеген сөздері  тамаша болды. Өзбек ұлттық тағамдары: пәтір-нан, палау, сумалак, көк-шай, самса кез келген тамақ талғампазын жаулап алады.

Көп күлкі, шаттық көңіл, ду қол шапалақ тоқтамады. Біздің студенттер мерекеге «қызық» келтіріп жандандырды.

  Қазылар алқасы біздің ұжымды объективті бағалап, алғыс хатты бірінші ұсынды. Мереке көктемгі көңіл мен жағымды эмоциялар және әсер әкелді.

№1 ЖжКМК кафедра меңгерушісі А.Р. Алпысова,

ассистент – машықтанушы Е.И. Буркова


0
18339

пікірлер

пікір қалдыру үшін.