Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жеңісің құтты болсын, Никита!

Жеңісің құтты болсын, Никита!

07 Сәуір 2015

2015 жылдың 31 наурызында Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен «Тіл-парасат» байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: жастар арасында мемлекеттік тілді және көптілділікті насихаттау, қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту, жастардың тілдерді үйренудегі шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, сөйлеу мәдениеті деңгейін арттыру және толеранттылыққа тәрбиелеу.

Аталған байқауға біздің университетіміздің жалпы медицина және стоматология факультетінің 1-056 топ студенті Тихончук Никита қатысты. Байқау шартында көрсетілген үш тапсырманы орындау кезінде мемлекеттік тілді таза әрі жетік меңгерген Никита өзгелерден озық тұрып, әділқазы мүшелерінің қойған сұрақтарына нақты жауап беріп, көңілдерінен шықты. Байқаудың соңғы кезеңінде қазақтың жалынды ақыны Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасынан үзіндіні аса жоғары шеберлікпен орындады.

Байқау қорытындысы бойынша Тихончук Никита І орынды иеленіп, республикалық «Тіл-парасат» байқауына жолдама алды.

Никитаны байқауға дайындаған қазақ тілі кафедрасының аға оқытушылары Жандарбекова Лаззат Өміржанқызы мен Мұратова Алтын Наурызбайқызының еңбектерін ерекше атап өткен жөн, себебі қазақ тілінің грамматикасынан бастап, тілдік единицаларды нормаға сай қолдану жолдарын әрі шығарманы мәнерлеп оқу шеберлігін шыңдауда талмай еңбектенді.

Ә.Б. Насырова

Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі


0
18024

пікірлер

пікір қалдыру үшін.