Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Наурыз мейрамын қарсыалайық!

Наурыз мейрамын қарсыалайық!

07 Сәуір 2015

Ұлы Жеңістің 70-жылдығын, Қазақстан Ассамблеясының 20-жылдығын, Қазақ хандығының 550-жылдығын, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің 65-жылдығын атап өту аясында «Наурыз-мейрамын қарсы алайық!» кафедралар байқауы өтті.

Құрамында ұйымдастыру-экономикалық жұмыс жөніндегі проректоры З.З. Бектұрғанов, ардагерлер кеңесінің төрағасы С.А. Сартабаев, адами ресурстарды басқару орталығының директоры Д.М. Досқожин, қызметкерлер және студенттердің тәуелсіз кәсіподағаның төрағасы Н.Н. Наурызов, студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің басшысы Б.А. Жұмабеков және медициналық білім беру және инновациялық технологиялар бөлімінің оқытушысы А.А. Аубакировабар білікті әділ-қазылар алқасы наурыздың 18-ші жұлдызынан 19-шы жұлдызына дейін жоо-ның кафедраларына барып, олардың көктем мерекесіне дайындығын бағалады.

20-наурызда, университеттің акт залында қорытынды жасау және жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтті.

Дәстүрлі түрде салтанатты рәсім оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры В.Б.Молотов-Лучанскийдің құттықтау сөзінен басталды. Одан кейін студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімімен бірлесіп № 1 ішкі аурулар кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мереке қонақтарына қазақ халқының «Қыз ұзату» дәстүрінен көрініс көрсетті.  Есте қалары, көрініске шет елден келген қонақтар Стелла Адаужи (Молдава) және Ульрих Битц (Германия) қатыстырылды. Кең жайылған дастарханның басында, «құдалар» ретінде отырған конақтарымыз қазақтың дәстүрлі тағамдарынан дәм алу мүмкіндігі туды.

«Құдалар» бесбармақ, қазы, бауырсақтар және наурыз көжеден дәм алғанда сахынаға «Әлқисса» күйімен домбыра оркестрі, «Қаражорға» биімен «Қаракөз» халықтық шығыс билер ансамблі, «Төрт  мезгілдің  төресі – Төл  Наурызым» өлеңімен «Жыр Жауһар» студенттік авторлық-поэзиялық клубының қатысушылары,  сонымен қатар «Ата дәстүр» әнімен Айдар Төлеев және «Sen dilim» композициясымен Жасур Салахиддинов шықты.

 

Іс-шара мәресінде салтанатты түрде байқау жеңімпаздарын жариялау үшін сахынаға әділ-қазылар алқасының мүшелері С.А.Сартабаев, Н.Н.Наурызов және Д.М.Досқожин шақырылды.

  Қорытындысында орындар келесідей бөлінді:

1  орын:   қазақ тілі кафедрасы;

балалар жұқпалы аурулар кафедрасы;

2  орын:   № 2 жалпы дәрігелік тәжірибе кафедрасы;

орыс тілі кафедрасы;

3  орын:   анатомия кафедрасы;

хирургиялық стоматология кафедрасы;

медициналық реабилитологияжәне спорт медицина кафедрасы.

Сонымен қатар, қатысушыларды марапаттау үшін әділ-қазылар алқасы үш өнер номинациясын бекітті:

«Мерекелеу идеясының сонылығы»номинациясында – нейрохирургия және невропотология кафедрасы жеңімпаз атанды;

«Мерекені жалпыхалықтық рухта іске асыру» номинациясында - № 1 ішкі аурулар кафедрасы жеңімпаз атанды;

«Ұлттық колорит және салт-дәстүрлер» номинациясында – жалпы фармакология кафедрасы жеңімпаз атанды.

Айжан Маликайдар,

«Намыс» пікір-сайыс клубының мүшесі,

3-032 ЖМ тобының студенті


0
18709

пікірлер

пікір қалдыру үшін.