Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

28 Сәуір 2015

Жыл сайынғы облыстық «Ой сана» байқауы  Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды  мемлекеттік университетінде өткізілді. Орыс тілін жетік меңгерген студенттер мен оқушылар арасындағы сайысты Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырды. Бұл  шараға, облысымыздың әр жерінен келген, қазақ тілінде білім алатын студенттер мен оқушылар  қатысты.

Қатысушылар шараны ұйымдастырушылардың  мерекені өткізуге үлкен жауапкершілікпен дайындалғандығын атап өтті.  Тапсырмалар 2015 жылдың елеулі мерекелеріне (ҰОС 70 жылдығына, Қазақстан халықтар ассамблеясының 20 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына) арналып  жасалған.

Дәстүрлі облыстық байқауда қатысушыларды тіл тазалығы және сауаттылығы, сахнада өздерін ұстау мәнері, өз-өздеріне сенімділіктерін көрсете білу  ерекшеліктері бойынша бағалады.

Шараға  қатысушылар мен жеңімпаздар алғыс хаттар мен құнды сыйлықтармен марапатталды.  Шараның нәтижесі бойынша Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің 1- курс студенті Тастубай Айжан (жетекшісі А.Д. Аукенова) үшінші орынға  ие болды. Оған ІІІ дәрежелі диплом мен фотоаппарат сыйға тартылды.

Біз, орыс тілі кафедрасының оқытушылары мен студенттері, жеңімпазымызды және жетекшісін құттықтаймыз.

Орыс тілі кафедрасының меңгерушісі  Р.А.  Айкенова


0
17162

пікірлер

пікір қалдыру үшін.