Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Алдыналу семинар-тренингі

Алдыналу семинар-тренингі

30 Сәуір 2015

15.04.2015ж академик Бөкетов атындағы орта білім беру мектебінде 10 - сынып оқушылары арасында Қазақстан медицина жастары қауымдастығы ЖИТС/АИТВ туралы алдыналу семинар-тренингін өткізді.

Іс-шараның мақсаты:

·  Жастардың ЖИТС /АИТВ туралы білім деңгейлерін өсіру;

·  ЖИТС/АИТВ инфекциясын жұқтырудың алдын алу шараларын қалыптастыру және дамыту.

Семинар-тренинг бірнеше бөлімдерден тұрды, сол бөлімдердің барысында жасөспірімдердің білім деңгейлері  анықталды, АИТВ-дің жұғатын жолдары, АИТВ-ге тексерілу, жұқтырудың алдын алу мүмкіндіктері  туралы шынайы ақпарат берілді, ақпаратты қабылдау деңгейлері тексерілді.

Семинар оқушылардың ақпараттану деңгейін бағалаудан басталды.
«ЖИТС/АИТВ» тақырыбы бойынша жабық сұрақтары бар анкета жүргізілді. Нәтижесінде оқушылардың 70% бұл инфекциялық аурудың жұғу жолдарын білмейтіндері де анықталды.

Мәселені өзектендіру үшін «Сыры бар қағаз» тренингі өткізілді, қатысушылар ЖИТС - тің жұғу жолдарына (қан құю, ине салу, жыныс қатынасы), оның алдын алу шараларын (бір рет қолданатын медициналық құралдарды қолдану, сексуальды серіктес  таңдау кезінде абай болу және презерватив қолдану) еске түсірді. Кейін ЖИТС/АИТВ мәселесі бойынша топтық пікірталас жүргізілді, жүргізуші тақырыпты қамтитын сұрақтар қойды.

Ақпараттық пікірталас блок пен бейнекөрініс арқылы оқушыларға АИТВ инфекциясы жайлы ақпараттар берілді.

Жеткізілген ақпаратты бекіту үшін «Тәуекелдіктің дәрежесі» тренингі өткізілді.

Семинар-тренингтің соңында «Түйсіктер» жаттығуы арқылы өткізілген жұмыс қорытылады, қатысушылардың ақпаратты меңгеру деңгейлері анықталды.

Мырзалы Тоғжан

Қазақстан медицина жастары қауымдастығы (КаzMSA)

ҚММУ SCORA комитетінің жергілікті офицері


0
17190

пікірлер

пікір қалдыру үшін.