Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақ тілі пәнінен өткізілген ашық сабақ

Қазақ тілі пәнінен өткізілген ашық сабақ

04 Мамыр 2015

  2015 жылдың 23 сәуірінде Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы Г.Е. Оспанова, ЖМФ  2-065 тобында кәсіби қазақ тілі пәнінен «Туберкулез» тақырыбына ашық сабақ өткізді.

  Ашық сабаққа қазақ тілі кафедрасының оқытушылары қатысты.

Ашық сабақ оқытудың белсенді әдістемелік мақсатында топтық-бағдарлау әдісі бойынша өткізілді. Сабақтың басында біз негізгі ақпаратпен таныстырылым түрінде таныстық. Біздің басты мақсатымыз берілген деректерді терең түсіну болды, өйткені келесі кезеңде біздің білімімізді тексеру үшін тест алынды. Тесттен кейін топтық жұмыстар басталды. Онда лексика-грамматикалық тапсырмалар, «Тауып көр» ойыны қамтылды. Сабақ барысында біз дер кезінде сұхбаттар құрастырып, жағдаяттық тапсырмаларды орындап, шағын көрініс көрсеттік. Сонымен қатар біздің топ«Туберкулез» тақырыбына дайындаған бейне-сауалнама көрсетілді.

  Сабаққа қорытынды жасалып, баға қойылды.

  Барлық үміттеріміз ақталғандықтан жасалған жұмыстарға тобымыз риза болды. Біз ашық сабақ жоғары деңгейде өтіп, өз мақсатына толық жетті деп ойлаймыз.

Ольга Ним

Наталия Чжен
  2-065 ЖМФ топ студенттері


0
17657

пікірлер

пікір қалдыру үшін.