Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылмас

Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылмас

04 Мамыр 2015

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл өтті. Жылдан жылға соғысты көргендердің саны азаюда. Дегенмен, соғыс жайлы ескі  кино, көркем әдебиет, фотосуреттер арқылы ол тарих бетінде қалды. Біз, жас ұрпақ, біздің өткен тарихымызды, майдандағы асқан ерлік жасаған қаhармандарымызды ұмытпай, есте сақтауымыз керек.

Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арнап медициналық-профилактикалық іс мамандығында оқитын 2-003 тобының студенттері соғыс және жеңіс тақырыбында  кеш өткізді. Студенттер өздерінің таныстыру көрсетілімін жасап, залда барлығымен бірге Кеңес Одағының батыры Әлия  Молдағұлова жайлы фильм көріп, соғыстағы әндерді орындап, онда қаза болғандарды бір минут еске алды.

Сол естен кетпес сұрапыл соғыста ерлік жасаған бабаларымызды ұмытпау бүгінгі біздей ұрпақтың борышы болып табылады, оларды мәңгі ұмытпау ардың ісі деп білеміз.

Медициналық-профилактикалық іс мамандығының 

2-003 топ студенттері


0
18088

пікірлер

пікір қалдыру үшін.