Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Зардап шеккендерге біздің көмегіміз

Зардап шеккендерге біздің көмегіміз

15 Мамыр 2015

Осы жылғы көктем Қарағанды облысының елді мекен тұрғындары үшін ауыр сынақ болды. Су тасқыны облыстағы 1000-нан астам жеке үйлерді басып кетті. Құтқарушылар жедел түрде 5000-дай адамды құтқарды. 

Абай, Қарқаралы, Нұра, Бұқар жырау, Ұлытау аудандары тұрғындары топан судың тасуы салдарынан зардап шекті.

Су басқан елді-мекендерге тамақ тауарлары, төсек жабдықтар, киімдер, резеңке етіктер, кілемдер тиелген жүк машиналары мен тік ұшақтар жіберілді.

14.04.2015 жылдан бүгінгі күнге дейін жергілікті орындаушы органдары мен құтқарушылар қызметінің бірігу күшімен тұрғындарды 1800 адам санымен толық құтқарған,  Ғ. Мұстафин кентінде (кезіндегі Токарева елді мекені) күні-түні жедел шұғыл медициналық көмек облыстық станциясы дәрігерлерінің кезекшілігі  жүргізіліп отыр. Зардап шеккен 40 адамға медициналық көмек көрсетілді.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті қызметкерлері шектен тыс қалған жоқ, топан су төтенше жағдайларына көмектесуге белсенді қатысты.

Бұқар жырау ауданы Ынтымақ ауылына зардап шеккендерге медициналық көмек мақсатында ТЖ бойынша Департаменті тік ұшағымен №2 ЖжКМК кафедрасының меңгерушісі Г.С. Жұмабекованың ұшуы жүзеге асырылды. Ынтымақ гидроторабы су қоймасы жатақханасында 99 құтқарылғандардан 12 адам медициналық (оның ішінде 1 бала)  тексерістен өтті: 8 адамға шұғыл медициналық көмек, 4 адам  медициналық кеңес алды.

Сәуір айы бойы Ғ. Мұстафин елді - мекенінде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін ТЖ бойынша Облыстық жедел көмек көрсету арнайы тәулік бойы шығу бригадаларына кезекшіліктер ұйымдастырды.  Осындай кезекшіліктердің біріне Ғ. Мұстафин елді мекенінде жұмыс атқарған шығу бригадасының құрамында №2 ЖжКМК кафедрасының ассистенті, жоғары санатты жедел медициналық көмек көрсету дәрігері М.А. Ким 30.04.2015 ж. елді мекенде су тасқынынан зардап шеккен 8 адамға медициналық көмек көрсетті.

№2 Жедел және кідіріссіз медициналық көмек кафедрасы


0
17046

пікірлер

пікір қалдыру үшін.