Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жеңіс үшін рахмет!

Жеңіс үшін рахмет!

15 Мамыр 2015

22 сәуір күні КММ Соғыс ардагерлеріне облыстық медициналық көмек орталығының акт залында №2 ішкі аурулар кафедрасының интерндерi және Жалпы медицина факультетінің 4, 5 курс студенттерімен ұйымдастырылған Ұлы Отан Соғысының ардагерлері және тыл еңбеккерлерімен кездесу өтті. Ардагерлермен бірге шақырылған қонақтар ішінде ҚММУ ардагерлер Кеңесінің төрағасы С.А.Сартабаев, бас дәрігер И.М. Ахмадишин, бас дәрігер орынбасары Е.Е.Туленов, медицина қызметкерлері, ҚММУ жастар жұмыстары бойынша бөлім маманы И.И.Милаева, интернатура декан орынбасары  Ж.Б.Шарапиева болды.

«Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 70 жылдығына» арналған кездесуді құттықтау сөзімен ҚММУ ардагерлер Кеңесінің төрағасы С.А.Сартабаев бастады, олардың сіңірген еңбегінің қымбаттылығын, қазіргі жастарды батырларды тірі көрген, соғыс алаңында рухы түскен ата бабалары, аталарының ерлігі жайлы балалары мен немерелеріне айтатын ұрпақ екенін атап өтті. Ардагерлер естеліктеліктерімен бөлісіп, гитлерлік фашизмнен жеңіске арналған соғыс кезіндегі дастандары айтып, жастарға тілек, баталарын  берді.

Бағдарламаны ұйымдастыруға 6-курс интерндері: И.Механцева, А.Собянин, В.Трофимова, А.Наурызбекова, Н.Карисова, К.Исаева, Д.Кабиев, В.Цой, О.Кононенко, Е.Высотских, Л.Шотик, О.Евгеюк, Ж.Мультенова, Л.Сиськова. 5 курс студенттері: М.Головина, А.Ищанова, Т.Еремеева, Ч.Абылханов, Г.Ганжиева, И.Биржанова, С.Мадиев. 4 курс студенттері: В.Рогозин, А.Шунгулов, А.Шабаров, А.Лукина қатысты.

Студенттер мен интерндер көркем өнерпаздылық нөмерлерін көрсетті: хорлық әндер  «Синий платочек» және «Пора в путь дорогу», «Журавли», «Мгновение». Әсіресе, 6-046 топ интерні Л.Сиськованың өзі шығарған «Когда умрет последний ветеран» атты өлеңі барлығының көңілдерін босатып, көздеріне жас алғызды. Бағдарламаны «День победы» әнімен аяқтап, ардагерлерге ерлік, батылдық және жеңіс белгісі ретінде Георгий жолақтары мен қалампыр табысталды. 

Соңында құттықтау сөздерімен №2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі Е.М. Ларюшина және бас дәрігер И.М. Ахмадишин, ардагерлерге жеңіс үшін алғыс білдіріп, ұзақ өмір тіледі. 

Залдағы жылы атмосфераны, жан дірілін, жүрек қағысын сөзбен жеткізу мүмкін емес, бұл жас ұрпақтың өткен тарихқа және еліміздің жарқын болашағына сенімділігінің куәсі.

Тәрбие жұмыс бойынша жауапты Ш.К. Щербатаев.


0
17384

пікірлер

пікір қалдыру үшін.