Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстан медицина жастары ассоциациясы

Қазақстан медицина жастары ассоциациясы

15 Мамыр 2015

2015 жылдың 4-6 мамыр аралығында Х.А.Ясави атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінде (Түркістан қаласы) Қазақстан медицина жастары ассоциациясының (KazMSA) ІІІ Ұлттық Ассамблеясы және студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық ашық жобалар сайысы болып өтті.

KazMSA ІІІ Ұлттық Ассамблеяға медициналық жоо-ның 7 жергілікті комитеті, сонымен қоса ҚММУ Жергілікті комитеті де қатысты (президенті - Батыржан Ибраев). Ашылу салтанатында Х.А.Ясави атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің вице-президенті Б.Б.Ахметов және «KazMSA» ҚБ президенті Абдулла Абдугаппаров сөз сөйледі. Ресми ашылу салтанатынан соң «Ымдау тілі» және «Әлеуметтік желілер арқылы алға басу» тренингтері өтті. Пленарлы отырыста жылдық жоспар құрылып және келесі Ұлттық Ассамблеяның өту орны анықталды. ІІІ Ұлттық Ассамблеяның екінші күні толығымен студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық ашық жобалар сайысына арналды. Жобалар сайысына Нигерия, Түркия, Ресей, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркменстан, Өзбекстан, Татарстан және Қазақстанның медициналық жоо-ның студенттері қатысты. Жобалар сайысы өз кезегінде үш секциядан тұрды:

1. Медициналық және фармацевтикалық білімді жақсарту және оңтайландыру жобалары.

2. Барлық салалар бойынша жасалынатын ғылыми жобалар.

3. Бизнес жобалар.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен 12 студент қатысты: Жақсыбек Сагтаганов (6-036 ЖТД), Сандугаш Балтабаева (6-037 ЖТД), Батыржан Ибраев (3-027 ЖМ), Кымбат Кабдуллина (3-018 ЖМ), Айжан Маликайдар (2-032 ЖМ), Тоғжан Мырзалы (2-068 ЖМ), Ғазиза Мұрат (2-035 ЖМ), Нұрмахан Жолшыбек (2-017 ЖМ), Ернар Қойшыман (2-083 ЖМ), Максуджан Манасов (2-083 ЖМ), Ғалымжан Жусуп (4-001 ЖМ), Әлия Құралбаева (3-027 ЖМ). Жүлделі орындарды келесі студенттер алды: 1-орын «Барлық салалар бойынша жасалынатын ғылыми жобалар» секциясы бойынша Ернар Қойшыман; 2-орын «Бизнес жобалар» секциясы бойынша Батыржан Ибраев, Айжан Маликайдар; 2-орын «Медициналық және фармацевтикалық білімді жақсарту және оңтайландыру жобалары» секциясы бойынша Нұрмахан Жолшыбек; 1-орын «Медициналық және фармацевтикалық білімді жақсарту және оңтайландыру жобалары» секциясы бойынша Жақсыбек Сагтаганов. Алғыс хатпен Тоғжан Мырзалы и Ғазиза Мұрат марапатталды. Барлық қатысушыларға баяндамамен қатысқаны үшін сертификат табысталды.

Үшінші күні Ассамблеяның жабылу салтанаты болды. Х.А.Ясави атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің президенті және вице-президенті KazMSA қатысушыларына алдағы уақытқа ғылыми даму және сәттілік тіледі.

Осындай ауқымды іс-шараға қатысуға мүмкіндік бергені үшін ҚММУ ректоры, профессор Р.С.Домағамбетоваға алғысымызды білдіреміз.

Тоғжан Мырзалы

ҚММУ Жергілікті комитеті

Қазақстан медицина жастары ассоциациясы (КаzMSA)


0
19169

пікірлер

пікір қалдыру үшін.