Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Гуманитарлық пәндер ЦӘК-інің әдістемелік апталығы

Гуманитарлық пәндер ЦӘК-інің әдістемелік апталығы

19 Мамыр 2015

04.05.2015-13.05.2015 аралығында ҚММУ медициналық колледжінде гуманитарлық пәндер ЦӘК оқытушыларының ұйымдастыруымен  әдістемелік апталық өтті. Басты мақсаты - ҚММУ медицина білім алушыларының  құзыреттілігін  арттырып, сабақтан тыс шаралардың әдістемелік әдіс-тәсілдерін меңгертіп, танымдық қызығушылықтарын ояту. Алған  қойылған мақсаттарды орындау барысында әдістемелік апталықтың жоспары құрылып жасалынды.

Гуманитарлық пәндер ЦӘК-інің оқытушылары әдістемелік апталыққа төмендегідей жоспар құрды: «Ер есімі – ел есінде» ашық сынып сағаты(орыс тілі пәнінің жауапты оқытушы А.К.Муханова), еске алу-ашық сабақтары(барлық пән оқытушылары), «Абай –дара, Абай – дана қазақта» тақырыбындағы дөңгелек үстел (жауапты қазақ тілі пәні оқытушылары Б.О.Оразова, А.Е.Сагимбаева), қазақтың ұлы композиторы Тәттімбет Қазанғапұылының200 жыл толуына орай «Тәтті күйдің шебері -Тәттімбет» атты поэзия сағаты(жауапты қазақ тілі пәні оқытушылары Б.О. Оразова, А.Е.Сагимбаева).

Әдістемелік апталықтың жабылуы шынымен-ақ  көріністі, керемет болды. Тіл пәндері оқытушылары мен І-ІІ курс білім алушыларының қатысуымен «Ұлы ерліктің әңдері» атты Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай әскери-патриоттық әндерді сахналау сайысы ұйымдастырылып өткізілді.


0
17367

пікірлер

пікір қалдыру үшін.