Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті

Жеңіс күні

19 Мамыр 2015

6 мамырда Қарағанды мемлекеттік медицина унвиерситетінің акт залында жаcтармен жұмыс жөніндегі бөлімінің көркем-өнер үйірмелерімен дайындалған мерекелік концерт өтті.

Салтанатты іс-шараның басында оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор В.Б. Молотов-Лучанский құттықтау сөзін айтып және біздің университет шығарған екі кітапты ұсынды. Бірінші кітап «Пусть им улыбнуться небеса» деп аталды. Оның авторлары – ҚММУ ректоры, профессор Раушан Сұлтанқызы Досмағамбетова және әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасының аға оқытушысы Наиля Фуадбековна Сайфулина. Бұл кітапта Ұлы Жеңіс жолында майданда және тылда ерең еңбектерін аямаған, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ҚММУ қызметкерлерінің ерлік істері бейнеленген. Өмірден озған ардагерлеріміздің кейбір туыстары және жақындары университетке келді және бірінші болып «Пусть им улыбнутся небеса» естелік кітабын алды. ЖОО басып шығарған тағы бір кітап, «Меня судьба хранила» деп аталды және онда Ұлы Отан соғысындағы естеліктеріне арналған.

ҚММУ ректоры, профессор Раушан Сұлтанқызы Досмағамбетова ардагерлерге алғыс және құттықтау сөздерін айтып, бұл күні барлық келгендерге 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына естелік медальдарын табыс етті.

«Қаракөз» халықтық шығыс билер ансамблінің әртістері 1945 жылдың 9 мамырына арналған  композицияны көрсетті. Т.Д. Поверникованың жетекшілігімен вокалды хордың қатысушылары келгендерді соғыс жылдарындағы әндермен қуантты. Сонымен қатар концерттік бағдарламада «Жыр Жауһар» авторлық-поэзиялық клубының, «Golden step» би театрының қатысушылары, вокалистер Д.Бекмурзаева және Н.Байназар өнерлерін көрсетті.

Одан басқа, 9 мамырда университеттің алдындағы алаңда домбыра оркестрі, вокал үйірмесі,  «Жыр Жауһар» студенттік авторлық-поэзиялық клубының студенттері және Жеңіс Күніне арналған соғыс-патриоттық нөмірлермен хор ұжымының қатысуымен мерекелік концерт өтті.

Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ, ол бұрынғы Одақтың құрамына енген барлық республика адамдарының өмірлерімен келді және біз оны ұмытуға құқығымыз жоқ!

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім


0
17762

пікірлер

пікір қалдыру үшін.