Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі.

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі.

21 Мамыр 2015

15 мамырда ОӘД СҮ Қарағанды облыстық денсаулық сақтау орталығының қолдауымен ұйымдастырылған, Жастармен жұмыс жөніндегі бөлімі ҚММУ ынталы студенттер клубымен бірлесіп «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» атты ақпараттық – профилактикалық акциясын өткізді. Акцияның негізгі мақсаты: дұрыс тамақтануды түсіндіру, халықты дұрыс тағамды таңдауға ынталандыру, өмір сүру сапасын жақсртуда, денсаулықты нығайту және аурулардың профилактикасында дұрыс тамақтану туралы халықтың ақпараттану деңгейін ұлғайту.

Акция барысында Қарағанды қ. №2 емханасының мамандары  ниет білдіргендердің артериалды және көздің ішкі қан қысымын, холестеринді және қанның глюкозасын өлшеді. Тамақтану гигиенасы, жалпы гигиена және экология кафедрасының оқытушысы С.Б. Кенжебекова дұрыс тамақтану мәселелері туралы кеңестерін айтты. Студенттер ақпаратттық материалдар таратты.

Өткізілген акция халық денсаулығын сақтау бойынша жасалған шаралар дұрыс тамақтануды насихаттауға, адамның адамгершілік және физикалық  аман – саулығын қамтамасыз етуге ықпалдасты.

 Ынталы студенттер клубының жетекшісі

А.К.Хамзина


0
17149

пікірлер

пікір қалдыру үшін.