Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Бейбіт заман үшін мың алғыс!

Бейбіт заман үшін мың алғыс!

27 Мамыр 2015

4 мамыр күні ішкі аурулар кафедрасының оқытушысы Умирбаева Асел Ильтайқызының жетекшілігімен 3-063 ЖМФ тобының студенттері Ұлы Отан соғысының ардегері Амелин Николай Михайловичтің шаңырағына барып қайтты.

Студенттер ардагерді Ұлы жеңістің 70 жылдығымен құттықтап, онымен бірге соғыс жылдарының әндерін айтып, Фашизмді жеңу жолында қосқан даңқты үлесі үшін алғысы мен құрметін білдірді. Өз кезегінде, Николай Михайлович, соғыс жылдарындағы ерлігі үшін берілген ордендерін, соның ішінде өзі үшін ерекше маңызға ие Кеңес Одағының маршалдық төсбелгісін тағып, жас ұрпақтарға өзінің өмірі жайлы айтып берді.

Николай Михайлович Орлов облысының Русско – бродский ауданындағы Теляжье ауылында дүниеге келген. Соғыс басталған уақытта Коля бар –жоғы 15 жаста болды, бірақ ол соған қарамастан Отан қорғау жолында бар күш –жігерін салды. Соғыстың алғашқы айларында – ақ Николай Михайлович үш неміс диверсанттарын тұтқынға алды. Ол өзінің бірінші жауынгерлік ерлігі жайлы үйде- шүйдесіне дейін есіне алып, мақтанышпен айтып берді. Сол күні бір диверсионды топ толығымен десантталған қарсыластары тұтқындалды және сол ерлікте біздің ардагеріміз ентене атсалысып, содан кейін айдауыл ретінде тұтқындардың бірін алып бара жатып, Николай қолында потронсыз винтовкасы ғана бола тұра тылда жатқан екі офицерді де ұстап алды. Осы жасаған өшпес батыл ерлігі үшін ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Көп ұзамай жас Николайды әскерлер үшін қажет азық – түлік пен малдарды жеткізу үшін Солтүстік Кавказға жіберді. Бірде азық – түлік салынған ат арбаға қарсыластар шапқанда Николай кеңес армиясының әскерлеріне жетпеген жүк қарсыластарға да тиесілі болмау керек деп шешті. Ыңғайлы сәтті күтіп, бұқаларды соғып қалғанда,  бұқалар да, жүк те жұлқына құздан құлады. Сол абыр- сабыр сәтте Николай орманға тығылып, қашып үлгерді. Содан кейін кәмелет жасына келгенше Николай Михайлович Солтүстік Кавказ ормандарында партизан болып жүрді.

Әскер жасына жеткен шағында Николай Михайлович Тбилисидегі артиллериялық училищеде  1,5 ай оқып, содан кейін өз еркімен Белорусс фронтының  ПВО жеке полкының бірінші бригадасында зеңбірек қондырғысының артеллеристі ретінде қызмет етуге барды. Американдық зеңбірек қондырғыларын иемденген бірінші бригада ерекше маңызы бар объектілердің  ауа кеңістігін қорғады. Соғыс жалдарында Николай Михайлович Минск, Смоленскіні босатуға қатысып, соғыстың соңғы жылдарын Белоруссиядағы Витебск қаласында өткізді.

1947 жылы Николай Михайлович Қарағандыға келіп, сол жерде 1950 жылға дейін кенші болып жұмыс атқарды. Көмір кеніштерінде жұмысын жалғастыруға денсаулық жағдайы жетпей, одан әрі өзін сауда ісінде көрсете білді. Бүгінде Николай Михайлович өзінің жұбайы,тыл еңбеккері болып табылатын, сонымен қатар соғыс және соғыстан кейінгі жылдардың ауыртпалығын көрген Фельзенмайер Антонина Федоровнамен бірге өмір сүреді. Бүгінгі күнде осы жұбайлардың 7 ұлы, 12 немересі, 12 шөбересі бар.

Біз жастық шағына қарамай, Отан үшін бар күшін, ал біреулер өмірін берген, біздің жалпы үйімізді қорғап, құлдық пен фашизмсіз өмірмен қамтамасыз еткен барлық майталман жауынгерлерге шексіз алғысымызды білдіргіміз келеді. Осындай қиындықпен бізге келген Ұлы жеңісіміз бен осы мерекеміздің маңызы ғасырлар бойы сақталсын деп тілейміз!

Оразалиев Бақытжан 3005 ЖМФ.


0
17667

пікірлер

пікір қалдыру үшін.