Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Германиядағы практика

Германиядағы практика

08 Маусым 2015

Академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру аясында 4 мамыр мен 22 мамыр аралығында біз, профилактикалық медицина, биология және фармация факультетінің Мейірбике ісі мамандығының 3 - курс студенттері Франкфурт (Германия) қаласында  «Жалпы практикадағы медициналық мейірбике» өндірістік практикасын Франкфурт клиникасында өттік.

Франкфуртқа сапар сәтті өтті, қалған әсер көп, шынымен сөзбен жеткізу қиын.

Біз келгенде бізді жылы сөздер, шынайы күлкімен қарсы алды. Әуежайдан қайтып бара жатқан жолда бізді медициналық мекеменің жұмыс уақытымен және біздің міндеттердің өзгешелігімен таныстырды.

Франкфурт клиникасы 22 бөлімнен тұрады. Ол 835 стационарлық орынға есептелген.

Қызмет көрсетудің жоғары дәрежесін, науқастарға көрсетілетін қызметтің жоғары дәрежесі мен қолайлы жағдайды атап айтқымыз келеді. Клиниканың дәрігерлері мен барлық орта медициналық персоналының мейірбан, елгезек қарым - қатынасын атап кетпеуге болмайды.

Бос уақытымызда біз көптеген қызықты жерлерге бардық, Берлинде, Польшада болдық. Көркем жерлерімен танысып, көшелерде, саябақтарда үлкен ләззатпен қыдырдық.

Біздің сапарымыздан шынымен жылы әсер қалды. Ал суреттер болса бізге айтулы қала – Франкфуртты еске түсіретін болады!

Осындай мүмкіндік бергені үшін университетімізге үлкен алғысымызды білдіреміз!

Анфиса Буяльская

Профилактикалық медицина, биология және фармация факультетінің Мейірбике ісі мамандығының 3-курс 3-003 топ студенті.


0
17095

пікірлер

пікір қалдыру үшін.