Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Мерейтойға спорттық сыйлық.

Мерейтойға спорттық сыйлық.

09 Маусым 2015

  ҚММУ футбол бойынша қалыптастырылған құрама тобы 65 жылдығына өте жақсы сыйлық жасады. Біздің спортшылар студенттік құрылыс және жастардың еңбек отрядтарының XI еңбек маусымының ашылу салтанатына арналған жыл сайынғы «Жасыл ел» спартакиадасына қатысты.

Футбол турнирінің чемпионы атағына 24 команда күресті.  Олардың ішінде  Теміртау, Саран, Балқаш, Шахтинск, Осакаров, Қарағанды, Қарқаралы, Ұлытау, Шет, Жаңа-Арқа және т.б. аудандарынан топтар болды. Қатысушылардың ауқымды географиясы ҚММУқұрамасына турнирде кезекті жеңіске жетуге  кедергі болмағандығын түсіну қандай  ғанибет.

Ойын олимпиадалық жүйе бойынша өтті – жеңілушілер де болады. Қателеуге құқық берілмеді және біздің балалар жарға жықпады.

1/8 финал.  ҚММУ -«Болашақ» 2:2(пенальти бойынша 3:2);

1/4 финал. ҚММУ- Қарқаралы ауданы 4:1;

1/2  финал. ҚММУ -Саран 3:0;

  Финал.  ҚММУ-Жаңа-Арқаауданы 4:0.

  ҚММУ спорт клубы футбол бойынша университеттің құрама  ойыншыларына:  Бондарев Андрейға (2-091 ЖМ), Меңдіғалиев Ердәулетке (1-073 ЖМ), Баймұханов Ермұхамедке (6-001 Стом), Ысыраилов Ильхамға (6-082 ЖМ), Сәрсенбаев Қасымға (4-076 ЖМ), Шаимбетов Алимханға  (2-010ЖОМ), Әділ Бауыржанға (3-001 ЖМ), Қабиденов Айтуарға (4-058 ЖМ), Жанзақов Мирасқа(3-088 ЖМ), Гинаятов Рахманға (2-006 ПМ,Б және Ф) және Исмурзин Асхатқа (110 М магистранты), сонымен қатар топтың жаттықтырушысы Тұхметов Арман Қайыржанұлына алғыс білдіреді.

  ҚММУ спорт клубы.


0
17029

пікірлер

пікір қалдыру үшін.