Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Бестікке төрттік.

Бестікке төрттік.

09 Маусым 2015

  Университеттің спорт өмірін футбол бойынша ҚММУ чемпионатынсыз елестету мүмкін емес.  Қысқа мерзімде турнир өзі туралы мәлімдеп қана қоймай, жаңа есімдерді ашты, бірақ жоодағы әйгілі және көпшілік жарыстардың бірі болды.

  Сәуір күнінің алғашқы жылы шуағындай басталған, көктемнің соңғы күнінде төртінші чемпионат табанды тартыспен аяқталды.

  Турнирға 12 ұжым қатысты. Университеттің жатақханаларының атынан жеті команда, пәтерлерде тұратын студенттерден үш құрама команда және екі шақыртылған – «ҚарМУ» және «Политех» командалары болды.

 

Чемпионатқа қатысқан командалардың көпшілігінің дайындығы дәстүрлі жақсы деңгейде екендігін көрсеткендігі қуантады. Ойын негізінен шеленісті түрде өтті. Турнир көптеген жанкүйерлердің назарын аудартқандығы тегін емес. Студенттер өздерінің «жатақханасы» үшін қолдау көрсетті және барлық ойындарда спорттық мерекелік атмосфераны орнатты!

  Тағы да ҚММУ чемпионатының жағымды дәстүрі болып, соңғы турде шешілген, ереже секілді бірінші орын бұйырды. Біріншіліктің шиеленісі шыңына жетті!

  Төртінші біріншілікте– «5 - жатақхана» және «2 - жатақхана» командалары, екі көшбасшының жеке кездесуінде, соңғы ойында турнирдің жеңімпазы болып жеңіске кімнің жететіндігінде ерекшелік болмады. «Екілікке» жеңіске жету қажет болса, ал «бестік» тең ойынға қанағаттанды. Ойын соңында «5 - жатақхананың» ғажап қақпашысы Бейсембаев Даниярдың қақпасына «2 - жатақхананың» шабуылшысы Андрей Бондарев «алтын голды» соғу арқылы өзінің командасына 3:2 есебімен жеңіс сыйлады.

Футбол бойынша ҚММУIV чемпионатының қорытынды кестесі. 

командалар

ойын

жеңіс

Тең ойын

жеңіліс

доптар

есептер

1

2 - жатақхана

  11

  8

  2

  1

  80-32

  26

2

1 - пәтершілер

  11

  8

  1

  2

  72-38

  25

3

5 - жатақхана

  11

  8

  0

  3

  127-52

  24

4

3 - жатақхана

  11

  8

  0

  3

  90 - 51

  24

5

4 - жтақхана

  11

  8

  0

  3

  81-51

  24

6

2 - пәтершіліер

  11

  7

  1

  3

  61-43

  22

7

1 - жатақхана

  11

  7

  0

  4

  74-52

  21

8

3- пәтершілер

  11

  3

  0

  8

  48 - 62

  9

9

6 - жатақхана

  11

  2

  1

  8

  38 - 79

  7

10

ҚарМУ

  11

  1

  1

  9

  27-108

  4

11

7 - жатақхана

  11

  1

  0

  10

  19 - 79

  3

12

Политех

  11

  0

  0

  11

  15 -67

  0

 

Дәстүр бойынша, біріншіліктің соңында номинациялар бойынша үздіктер анықталды:

«Үздік қақпашы» - Азатбеков Азиз (4- жатақхана);

«Үздіқ қорғаушы» - Шаимбетов Әлімхан (1- пәтершілер);

«Үздік шабуылшы»- Меңдіғалиев Ердәулет (1- жатақхана).

«Үздік ойыншы» - Исраилов Ильхам (1- жатақхана)

  Барлық жүлдегерлер және номинанттар бағалы сыйлықтармен марапатталды.  Осыдан басқа көтермелеу үшін қатысушыларға қосымша номинациялар енгізілді: «Үздік бомбардир» - Авель Таржанов (5 жатақхана) және «Үздік тиімді ойыншы» - Баймұханов Ермұхамед (1пәтершілер). Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

  ҚММУ спорт клубы.


0
17408

пікірлер

пікір қалдыру үшін.