Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тәжік Ұлттық университетіндегі оқу практикасы

Тәжік Ұлттық университетіндегі оқу практикасы

09 Маусым 2015

  «Биология» мамандығының 2-курс  студенттері  оқу практикасын 9-27 мамыр аралығында Тәжікстанда Душанбе қаласында академиялық алмасу бағдарламасы шеңберінде, Тәжік Ұлттық университеті базасында өтті. Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасының аға оқытушысы Г.Т. Калиева студенттерді алып жүру мақсатында тәлімгер ретінде барды.

  Практика биотехнология Орталығында өтті, студенттер зертхананың жұмысымен және зертхананың зерттеу әдістерімен танысты, қоректік ортаны, реактивтерді дайындауда, ламинар-бокста жұмыс жасауда практикалық дағдыларын қалыптастырды. Студенттер апикальді меристема әдісімен өсімдіктерді таныту саласындағы биотехнология Орталығының ғылыми бағытымен танысты.

Практика өту уақытында Тәжік Аграрлық Университетінің ҒЗИ биотехнологиясына, мал шаруашылығы институтының биотехнологиялық зертханасына, ұлттық генетикалық ресурстар орталығына студенттерге арналған экскурсиялар ұйымдастырылды.

Біздің студенттерді ерекше қонақжайлықпен, мейірімділікпен қарсы алғандарын атап өткен жөн. «Биология» мамандығының 2-курс студенттері, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде оқу тәжірибесін өтуге, яғни басқа да ЖОО ғылыми зерттеу жұмыстарымен танысуға мүмкіндік жасаған  ҚММУ әкімшілігіне алғыстарын білдіреді. 

Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасының аға оқытушысы Г.Т. Калиева және  биология мамандығының 2-курс студенттері.


0
17533

пікірлер

пікір қалдыру үшін.