Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Қарағанды – достық пен бірліктің астанасы»

«Қарағанды – достық пен бірліктің астанасы»

10 Маусым 2015

ҚММУ медициналық колледж білім алушылары 28.05.2015 ж. «Қарағанды – достық пен бірліктің астанасы» атты Қазақстан халқы бірлігінің 20 жылдығына арнап өткізілген өнер мен мәдениет фестивалына қатысты. Фестивальдың мақсаты – көркемөнер арқылы халықтар достығын, бейбітшілікті насихаттау, өнер мен мәдениеттің шығармашылық әлеуетін дамыту, Қазақстан халқы бірлігінің 20 жылдығына арналған іс-шараларға жастарды белсенділікпен қатыстыру.

Фестивальға Қарағанды қаласының колледждері қатысты. Команда өкілдері жеребе арқылы өздеріне тиесілі этносты анықтады. Біздің команда фестиваль бағдарламасына башқұрт-татар халқының салт-дәстүрін, мәдениеті мен тарихын таныстырды. Фестиваль қорытындысы бойынша қатысушылар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

  ҚММУ медициналық колледж оқутушысыА.Е. Манкаева


0
17001

пікірлер

пікір қалдыру үшін.