Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Қыран» қазақ тілі клубы шақырады

«Қыран» қазақ тілі клубы шақырады

12 Маусым 2015

  11.06.2015ж. «Қыран» қазақ тілі клубы өзінің жұмысын жаңартты. Қазіргі уақытта барлық атқарылатын жұмыстар қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы Г.Е.Оспановаға жүктелді. Әр сенбіде клуб кездесу өткізіп, қатысушылар бір – бірімен әңгімелеседі, қазақ тілінде фильмдер көреді, дебаттар өткізіп, шағын спектакльдер қояды, бұл шараларды өткізудегі мақсат – қазақ тілінде сөйлеудегі қорқынышты сейілту, сөздік қорды толықтыру, адамдар арасында дұрыс және әдемі сөйлеуге үйрету.

  Сабақ уақытында  Сіздің үндемей отыруға мүмкіндігіңіз болмайды. Клуб жетекшілері Сізге қазақ тілін жетілдіруде жиналыс неғұрлым үлкен пайда әкелу үшін, өзінің білімін төгеді. Кездесулерде сіз тек қазақ тілінде ғана сөйлеп, тілдік сенімділігіңізді күшейтесіз.

  Барлық қызығушылық танытқандарды қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы

Г.Е. Оспановаға жолығуларыңызды өтінеміз.


0
17257

пікірлер

пікір қалдыру үшін.