Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
2015 жылдың бітіруші – резиденттерінің ҚМА бірінші кезеңінің қорытындылары.

2015 жылдың бітіруші – резиденттерінің ҚМА бірінші кезеңінің қорытындылары.

24 Маусым 2015

2015 жылдың 15 маусымнан 9 шілде аралығында ҚММУ-да резидентура тыңдаушыларының арасында Қорытынды мемлекеттік аттестаттау өтуде. Аттестаттау комиссиясының назарына 13 мамандық бойынша: «Офтальмология, оның ішінде балалар», «Оториноларингология, оның ішінде балалар», «Невропатология, оның ішінде балалар», «Онкология, оның ішінде балалар», «Травматология және ортопедия, оның ішінде балалар», «Жалпы хирургия», «Балалар хирургиясы», «Педиатрия», «Акушерлік іс және гинекология, оның ішінде балалар», «Патологиялық анатомия, оның ішінде балалар», «Клиникалық фармакология», «Сәулелік диагностика, оның ішінде балалар» және «Медициналық реабилитология», 39 резидентура тыңдаушысы (екінші және үшінші жыл) қатысты. 

Қорытынды аттестаттаудың бірінші кезеңі – Объективті Құрылымдық Клиникалық Емтихан, 15-16 маусым күндері өтті. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының және емтихандық комиссия мүшелері резидентура тыңдаушыларының клиникалық дағдылар дайындығымен танысты. ОҚКЕ құрамында науқастың жағдайын бағалау, диагноз қою, емдеу әдістерін, жедел көмек көрсету және т.б. болды. Практикалық дағдылардан жоғары бағаны  С. М. Ибрагимов  («Жалпы хирургия»), Е. М. Букенов («Травматология және ортопедия, оның ішінде балалар»), К. С. Дисаенко, В. В. Соколова  («Онкология, оның ішінде балалар»), М. Б.Бименова, О. А. Охрименко, А. Ю. Согрина  ( «Сәулелі диагностика,  оның балалар»), М. О. Бакеева, Т. Б. Елюбаев, М. Т. Омаров («Балалар хирургиясы»), А. С. Бобырева («Акушер іс және гинекология, оның ішінде балалар»).

Біздің резиденттерді Қорытынды аттестаттаудың бірінші кезеңін жақсы тапсыруларымен құттықтаймыз және екінші кезеңде сәттілік тілейміз!

ҮКДФ деканаты.


0
17931

пікірлер

пікір қалдыру үшін.