Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Әскери оқу-жаттығу

Әскери оқу-жаттығу

30 Шілде 2015

2015 жылдың 7-28 шілде аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің әскери кафедрасында оқитын «Жалпы медицина және стоматология», «Профилактикалық медицина, биология және фармация»  факультетінің 4-курс студенттері Спасск кентіндегі 36352 әскери бөлімі, «Астана» өңірлік қолбасшылығының оқу орталығында оқу-жаттығу жиындарын өтті.

Жол басы

Сейсенбінің таңғы ыстығында, қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқау жүргізілгеннен кейін, әскери полиция мен әскери кафедра оқытушылары 58 курсантты әскери бөлімге бірге алып барды.

Әскери бөлімге келгеннен соң, бөлім командирінің шешімімен курсанттар казармалық үй-жайға орналастырылды. Кафедра оқытушылары жеке құрамға күн тәртібін жеткізіп, әскери қызметтің тәртібін, оның негізгі элементтерін көрсетіп және оларды оқу-жаттығу жиындарын өткізудің жоспарымен таныстырды.


Курсанттар үшін әскери өмір ырғағы, «Жас сарбаз» практикалық курсы, санитар, санитар-нұсқаушының, фельдшердің және биік шың ретінде – далалық жағдайдағы әскери дәрігер жұмысын атқару болашақ медицина қызметінің офицерлеріне жауынгерлік еңбектің қауырттылығын және өз тәжірибелерінде әскери қызметшілердің денсаулығына жауапкершіліктерін сезіндірді.

Сабақтар кестесіне сәйкес әскери бөлімнің ұрыс машиналары паркінде техника мен қару-жарақтарды көрсету ұйымдастырылды. Тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен әрбір курсант айбарлы ұрыс машинасының басқару тетігін өз қолдарымен ұстап көруге және әскери жағдайды басынан кешіруге мүмкіндік алды.

  Әскери кафедра оқытушылары мереке және демалыс күндері курсанттар арасында командалық көрсеткіштермен қоса, жеке нәтижелері анықталып, курсанттың жауынгерлік парағына жазылған спорттық шаралар ұйымдастырды. Сонымен, әр курсант командаға өз пайдасын тигізуге және барынша жоғары жеке нәтиже көрсетуге тырысты.

  Сонымен қатар, курсанттар кафедра офицерлерінің бастауымен «Спасск» мемориалдық кешеніне барып, репрессия құрбандарына тағзым етті.

 

Әскери өмір

  Жай күндері, таңертеңгілік жаттығу мен таңғы астан кейін әскери кафедраның оқытушылары сабақтарды курсанттар практикалық дағды мен бригаданың медициналық ротасы жұмыс істеу тәжірибе алатын, бөлімнің медициналық қызметін және оның жұмысын ұйымдастыруды, алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйренетін алаңда өткізді.

 

Жеке құрамның Әскери ант қабылдауы қарсаңында, Оқу орталығының атыс алаңында курсанттармен практикалық атыс жаттығулары өткізілді. Жеке құрам зор ынтасымен және жақсы көрсеткіштерге тырысуымен Калашников автоматы мен Макаров пистолетінен атыс жаттығуларын орындады. Әскери кафедра бастығы, профессор, медицина қызметінің полковнигі Мұхаметжанов Амантай Мұқанбайұлы өзі атыс қаруынан оқ ату дағдысын тамаша меңгергенін үлгі етіп көрсеткеннен кейін, әр студент оның жоғары нәтижесін қайталауға тырысты.

18 шілдеде, салтанатты жағдайда курсанттар «Астана» өңірлік қолбасшылығы басшылығының, ҚММУ әкімшілігі өкілдерінің, әскери кафедра оқытушыларының, ата-аналардың, Ауған соғысына қатысушы- ардагерлердің облыстық кеңесінің төрағасының қатысуымен Отанға және егеменді Қазақстан халқына адалдық ретінде Әскери ант қабылдады. Бұл салтанатты мемлекеттік әрекет курсанттардың жадында өзгерісті кезең болып қалыптасты, себебі олар іштей өз елінің тағдырына жауапкершілікті сезінді. Бұл күн медицина қызметінің запастағы офицерлерінің мәңгілік  естерінде қалады.

36352 әскери бөлімінің командирі біздің кафедраның курсанттарының әскери дайындықтарының деңгейіне, олардың әскери тәртіпті сақтағанына жоғары баға беріп, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің әкімшілігіне, әскери кафедра бастығы, медицина қызметінің полковнигі Амантай Мұқанбайұлы Мұхаметжановқа және оқытушылар құрамына Отан қорғайтын жас офицерлерді қалыптастырудағы жемісті және кәсіби еңбектері үшін үлкен алғысын білдірді.


0
18060

пікірлер

пікір қалдыру үшін.