Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Денсаулық фестивалі

Денсаулық фестивалі

08 Қыркүйек 2015

  Қыркүйектің бірінші сенбісі күні ҚММУ спорт клубы дәстүрлі түрде «Денсаулық фестивалін» өткізді.

     Дене шынықтыру сабақтарының маңыздылығын ескере отырып ҚММУ спорт клубы әрдайым салауатты өмір салтын насихаттайтын іс-шараларды өткізеді. 

      Фестиваль ҚММУ спорт клубының басшысы Ф.А. Батировтың құттықтау сөздерінен басталды. Фахрудин Абдижапарұлы барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, әрбір күні белсенді болуға тілек білдірді.

  Одан соң басты әрекет басталды.

  Дене шынықтыру кафедрасының оқытушысы Данияр Даулетбайұлы Мұқышевтің жетекшілігімен бір жүздей студент, жас жігіттер мен қыздар физикалық жаттығуларды жасады.

  Қатысушылардың сөзінше барлығы бүкіл күнге зор сергектік қуатын және жақсы көңіл-күй алды.

  ҚММУ спорт клубы


0
14359

пікірлер

пікір қалдыру үшін.